Жаңалықтар

Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алашорда жайлы қоғамдық лекция оқыды

14 қазан күні Алматы қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» алаштанушы ғалым, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің «Алашорда: Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы орны» атты тақырыпта ашық қоғамдық лекциясы өтті.
15.10.2015 06:51 10321

14 қазан күні Алматы қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» алаштанушы ғалым, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің «Алашорда: Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы орны» атты тақырыпта ашық қоғамдық лекциясы өтті. Аталмыш іс-шара Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналды. 

Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алашорда жайлы қоғамдық лекция оқыды

 Алашорда – Алаш автономиясы белгілі дәрежеде бүгінгі таңда бүкіл мемлекет және қоғам көлемінде аталып отырған Қазақ хандығының жаңа замандағы логикалық жалғасы. Бұл екі тарихи құбылыстың өзекті жібі ортақ, яғни елдің тұтастығы, тәуелсіздігі және еркін өсіп-өркендеуі. Сонымен қатар Алаш қозғалысының келе жатқан 100 жылдығына қоғамның назарын аударып, осы датаға орай атқарылатын істерге қозғау салу.

Лекция барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы қолдауымен даярланған «Менің ғылымдағы өмірім. Ғалымдармен 21 сұхбат» атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде автордың қолтаңбасы бар кітапты алуға мүмкіндік болды.

Ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы, «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы, «WikiBilim» қоғамдық қоры. 

Лекцияда Қазақ мемлекеттілігі дамуының негізгі кезеңдері туралы сөз қозғалды. Қазақ Одағы, яғни Қазақ ұлты пайда болды. Қазақ Одағы Қазақ хандығы аталған құрылымның өмірге келуіне негіз болды. Нәтижесінде сол кездегі көшпелілер өмір сүрген кеңістікте алғашқы ұлттық мемлекет құрылды. Қазақ мемлекеттілігі пайда болғаннан бастап оның өмір сүруіне бірнеше қауіп төнді. Оның ішінде Жоңғар қаупі. Осы елмен болған кескілескен күрестен аман шыққан қазақ қоғамы келесі жетпіс жылдық (1731 ж. дейін) мерзімде дербес өркендеу жолына түсе алмады. Оның негізгі екі себебі бар. Бірінші, Алтай мен Жайық арасында созылып жатқан қазақ жері мен елін жинап, ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын қуатты мемлекеттік аппарат құрылмады. Екіншіден, Елдің өмірін жаңа сапаға көтеретін экономика әлсіз күйде болды. Солардың әсерінен әлсіз болған қазақ қоғамын Ресей оны өзіне қосып алу әрекетіне көшті.

Ұлттың ұзақ мерзімге созылған  жауап ретінде ХХ ғасырда Алаш зиялыларының қозғалысы пайда болды. Қазан төңкерісіне (1917 ж.) дейінгі кезеңде шамамен 120-ға жуық қазақ азаматтары жоғарғы оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Осы мезгілде арнайы орта оқу орындарын 700-ге жуық қазақ азаматтары аяқтаған. Алаш зиялыларының қызметі екі бағытта жүрді. Бірінші, ағартушылық (2 млн. дана кітап, “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті, т.б.). Екінші, азаттық идеологиясы мен бағдарламасын жасау. Осы мақсаттарға жетер жолда 1917 ж. 1-ші жалпықазақ съезі өтті. Бұл жерде қарастырылған баста мәселе: Алаш партиясының құрылуы. Күн тәртібіне 14 мәселе қойылды.

1. Мемлекет билеу түрі;

2. Қазақ облыстарында автономия;

3. Жер мәселесі туралы;

4. Халық милициясы туралы;

5. Земство туралы;

6. Оқу туралы;

7. Суд туралы;

8. Дін туралы;

9. Әйел мәселесі туралы;

10. Учредительное собрание сайлауына даярлану һәм қазақ облысынан

сайланатын депутаттар мәселесі;

11. Шораи ислам мәселесінде Кеңеске қазақ өкілдерін жіберу, Кеңеске қатысу

шығындары туралы;

12. Қазақ саяси партиясы мәселесі;

13. Жетісу оқиғалары мәселесі;

14. Федералистер съезіне һәм оқу комиссиясына өкіл жіберу мәселесі.

        

1991 ж. бергі уақытта (Тәуелсіздік жылдары):

  • жаңа заманауи сұраныстарға жауап бере алатын жаңа тұрпаттағы мемлекеттік
  • басқару жүйесі қалыптасты;
  • Қазақстан ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшылары қатарына енді;
  • мемлекеттік шекараны заңдық тұрғыдан ресімдеу мен межелеу мәселелері түпкілікті шешілді;
  • елді қорғауға қабілетті Қарулы Күштер құрылды, құқықтық тәртіпті сақтау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдары қалыптастырылды;
  • демократиялық мемлекеттің және нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін ұлттық-құқықтық жүйе қалыптасты;
  • этносаралық, конфессияаралық келісім мен төзімділікті қамтамасыз етудің
  • нәтижесінде елдің ішкі саяси тұрақтылығы мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өсуіне қол жеткізілді;
  • елдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мен тұрмыс деңгейін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды;
  • банк жүйесі нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт  ережелеріне сай жетілдірілді, т.с.с.

Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алашорда жайлы қоғамдық лекция оқыды

Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алашорда жайлы қоғамдық лекция оқыды

Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алашорда жайлы қоғамдық лекция оқыды


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға