Жаңалықтар

Тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектері

Өшпес есімдер
Тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектері
30.10.2020 17:57 14938

Тарихи тұлғаларды тарихи тұрғыдан қарап, олардың өмірі мен еңбегіне терең үңіліп, бүгінгі ұрпаққа жеткізу – әрбір азаматтың абзал борышы. el.kz порталы Алтай өңірін мекен еткен тарихи тұлғалардың есімдері мен жеке өмірі, өсу жолы және олардың ерлігі мен қаһармандылығы туралы «Өшпес есімдерде» кеңірек таныстырылады.

Тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектері

Өшпес есім, өлмес рух

Ақтеке би іңгәлап бұл дүниеге келгенімен анасының уызына тоймаған, екі ілінер-ілінбестен шешеден айырылған сәби бала ана дегеннің қадыр-қасиетін, өң-түсін, мейір-шапағатын көрмей өсті. Бес жасқа шыққан жылы әкесі Қоңыр да бұл дүниені тәрк етіп кете барды. Жаутаң көз жетімек әжесінің етегінен ұстай жүріп өмірін өткізді. Әжесі осы немересін екі елі қасынан тастамай жүріп алты жасқа шыққанда ойын баласының ермегі үшін ақ түсті жетім лақты әкеліп берген еді. Немересінің малсақтығы соншалықты, қолына түскен нанның жартысын лаққа беріп, қойнына алып жатып жаман үйреткендіктен, ол да Ақметжанға бауыр басып, артынан қалмай еріп жүретін болған. Сондықтан Ақметжанның жеңгелері қайнының азандаған атын атаудан гөрі «Ақтеке» атап кеткендіктен, тұтас ел Ақметжанды Ақтеке атап кетеді. Ақтеке жетімдік кесірінен басқа балалар қатарында оқу-білімге ие бола алмағанымен, талай-талай жұмыстарды өзі тындыруға талпынып, отбасының ішкі-сыртқы жұмысына жаланып тұрған пысықтығымен көзге түседі де, 14 жасында-ақ үлкендерге ілесіп, шаруашылық жұмыстың қыры мен Ақтекенің пысықтығы мен зеректігін байқаған әжесі өзінің күн сайын күйсеп бара жатқан кәрілігін ескеріп, осы ортада билік жүргізіп отырған немере қайнысы Бітімші үкірдайдың алдына келіп, Ақтекені бауырларына тартып тәрбиелеуге алуын өтінеді. Ақтекенің пысық әрі зеректігін сырттай естіп жүретін Бітімші үлкен жеңгесінің сөзін жерге тастамай, Ақтекені 17 жасында қасына ертіп, тұрмысқа пысық, сөзге жүйрік баланы ел ішіндегі теңсіздіктен, өктемдіктен туып зорлықтан, жоқшылықтан, жататын дау-шарларға араластыра бастайды. Бітіміі оның зеректігіне дән риза болып, зор үміт дәметіп жүргенде, тағдырдың рақымсыз ажалы Бітімшіні де жалмап кетеді, іле-шала Ақтекенің әжесі де о дүниеге аттанады. Иә, бұл кезде өмірдің ыстық-суығына пісіп, өз басының ауыр күндерін ғана емес, ел қамына дұрыс шешім айтуға жеткен Ақтеке күтпеген жазмышқа аһ ұрып күйзеліп күңіренгенімен, көнуге тиістілігін сезінген ол Бітімшінің билігін өзі жүргізе берді. Ол кездерде ел билік жүргізушінің қолында жоғарының арнайы билік жүргізу құқығы болмаса қара халық та бойұсына қоймайтын еді. Бітімші өлген соң Қарақас елі ішінде дау-дамайлардың ушығып бара жатқанын көрген Молқы елінің үкірдайы Жуанған (Жотақажы) Бітімшінің немересі Қалелді, Қарақас елінің беделдісі Дулаттың тұқымы Тоқтыбайды ертіп, сол кездегі Бейжиңнің уәкіл әкімі болып Қобдада отырған Палта уаңның алдына барып, істің жайын айтып түсіндіреді. Сөйтіп, Қалел тәйжі, Тоқтыбай үкірдайлық шен алады да, бұлардың жастығын ескере отырып, Ақтекенің бұрын да ел басқаруға тәжірибелілігін байқағандықтан, 1909 жылы 25 жасар Ақтекеге бүтін Қарақастың тәйжісі мен үкірдайының ақылшысы ретінде билік жүргізушісі деген мансап алып қайтады. Жоқшылық пен жетімдіктің тақсыретін бір кісідей тартқан Ақтеке билік жүргізуде адал, турашылдығымен халқының аузына ілініп қана қоймай, он екі Керей арасында да адал да әділ айбынымен аты шығып, алдына келген билікті екі етпей кесімін айтатын, жаман іске қатаң келіп, жоғарыдағы ұлықтардың алдында да көңіліне бүккенін бүкпесіз айтатын батылдығымен оның ел ішіндегі абыройы тіпті арта түседі. Ақтеке алғаш билікке араласқан кезде Қарақастың Ботақараға ұзатылған бір қызының күйеуі «әйелім өзімді ұрғандықтан, еркектігімнен айырылдым» деген дау туады. Екі ру арасындағы бұл дауды қалыс бидің шешім етуі керегін ескерген Ақтеке мен Дәулетше Шіңгілдегі Тары бидің алдына барады. Осы кезде Құлмолқының зәңгісі Дәулетше қарсы жаққа бұрылып, жігіттің жарақатын көзімен көргенін, Ақтекенің құн төлеп құтылмайтын амалы жоқтығын айтады. Ақтеке дауға жолсыздықпен араласқан зәңгіні қағып тастап, нақтылы дауға араласқан Тары бидің алдында жігіттің жігіттігінен айрылғандығын өзі мойындаса, Қарақастың қызын қайтарып беріп, жігіттің кемдігі үшін 100 жылқы алуына мақұл болады. Көп ойланған Тары мына сұңғыла жанның талмау жерден ұстағанын, егер әйелді қайтара алмасақжігіттің кемдігі емес, Қарақасқа еліне жабылған жала екенін ойлап, даугер Дәулетшеге «қайтесің» дегендей мойынын бұрған еді. Дәулетше еріксіз кібіртіктей береді. Міне, осы тұңғыш дауда қамшының ұшын бермей шыққан Ақтекеге ел болып таңдай қаққан еді. Тағы бір жолы Шіңгілдегі Тары бидің асына шар-тараптан келген жүйріктердің ішінде осыдан бірнеше жыл бұрын ұрланған Доғалының жүйрік шыбары мен Өскенбайдың жүйрік күреңін Қобдадағы Ламжа ақылшысы ретінде билік жүргізушісі деген мансап алып қайтады. Жоқшылық пен жетімдіктің тақсыретін бір кісідей тартқан Ақтеке билік жүргізуде адал, турашылдығымен халқының аузына ілініп қана қоймай, он екі Керей арасында да адал да әділ айбынымен аты шығып, алдына келген билікті екі етпей кесімін айтатын, жаман іске қатаң келіп, жоғарыдағы ұлықтардың алдында да көңіліне бүккенін бүкпесіз айтатын батылдығымен оның ел ішіндегі абыройы тіпті арта түседі. Ақтеке алғаш билікке араласқан кезде Қарақастың Ботақараға ұзатылған бір қызының күйеуі «әйелім өзімді ұрғандықтан, еркектігімнен айырылдым» деген дау туады. Екі ру арасындағы бұл дауды қалыс бидің шешім етуі керегін ескерген Ақтеке мен Дәулетше Шіңгілдегі Тары бидің алдына барады. Осы кезде Құлмолқының зәңгісі Дәулетше қарсы жаққа бұрылып, жігіттің жарақатын көзімен көргенін, Ақтекенің құн төлеп құтылмайтын амалы жоқтығын айтады. Ақтеке дауға жолсыздықпен араласқан зәңгіні қағып тастап, нақтылы дауға араласқан Тары бидің алдында жігіттің жігіттігінен айрылғандығын өзі мойындаса, Қарақастың қызын қайтарып беріп, жігіттің кемдігі үшін 100 жылқы алуына мақұл болады. Көп ойланған Тары мына сұңғыла жанның талмау жерден ұстағанын, егер әйелді қайтара алмасақ жігіттің кемдігі емес, Қарақасқа еліне жабылған жала екенін ойлап, даугер Дәулетшеге «қайтесің» дегендей мойынын бұрған еді. Дәулетше еріксіз кібіртіктей береді. Міне, осы тұңғыш дауда қамшының ұшын бермей шыққан Ақтекеге ел болып таңдай қаққан еді. Тағы бір жолы Шіңгілдегі Тары бидің асына шар- тараптан келген жүйріктердің ішінде осыдан бірнеше жыл бұрын ұрланған Доғалының жүйрік шыбары мен Өскенбайдың жүйрік күреңін Қобдадағы Ламжа әкеліп, бәйгеге қосқанын көрген ел өздерін басынғандай болған Ламжаға ашуланып, кектеніп кетеді де, дау Ақтекенің шешіміне қалады. Азулы Ламжа төренің шабысқа кеткен атының алдынан алты жерден тосу қойып, шыбар атты ұстатып алғанымен, күрең атты мінген бала сытылып кетеді. Көп бұлтарыста келген күрең ат көмбеге алтыншы болып ілінгенде-ақ Ламжа төре қазақтардың айласын асырып кеткенін аңғарып, алдына келген күреңнің тілін кесіп, өлтіріп тастайды. Бұл жөнсіздікті төренің бетіне басқан Ақтеке елдің асын бұзып, өзінің ұрлығын жасырғандығы үшін айып салады. Бір түйеге қара кілем жауып келіп, айыбын төлеткен қазақтың шешен, турашыл Ақтекедей биін еріксіз мойындаған Ламжа төре айыбын төлеп, той бітпей жатып қарасын өшірген екен. Ақтекенің мұндай қара қылды қақ жарған турашыл кескін билігін тере беретін болсақ, өте көп. Бізге би атамыздың 1933 жылғы Көктоғай өңірінде дүңген мәмиының ұлтаралық қақтығысын тудырып, ең ақыры Алтайдың билігіне таласқан «алты дүңгеннің зобалаңы» кездерінде елге бас болып, бүлік тудырған аз санды бұзақыларға сілейте соққы бергенін айтсақ та жетіп жатыр.1939 жылы Шыңшысай үкіметі өздерінің «алты ұлы саясаттан» жалт бұрылып, «құрал жинау», «бүлікшілерді тыныштандыру» деген сылтауымен, ең әуелі, Көктоғайдан Қалел тәйжі мен Алтайдан Мәмиұлы Мәнкейді қолға алып кеткен орынсыз іс-әрекетіне деген Ақтеке қарсы билік айтқан. Шыңшысай үкіметі төңірегіндегі ел басшыларын қолға алуын тоқтатудан гөрі үдете түсіп, тіпті ең ақыры мұздай қаруланған жендеттер «құрал жинау» деген атты жамылып, ел ішіне бүлік салады. Осындай қысылтаяң кездерде Есімхан бастаған ержүрек азаматтар 1940 жылы 1-қаңтар күні аудан әкімі Шұй арлан бастаған жеті бірдей адамды жайратып тастап, Ақтекеге адам жөнелтеді. Ақтеке Шыңшысай үкіметінің «Көктоғайда жиын» деген шақыртуымен таңертең ертемен үйінен аттанып, Көктоғайға келе жатқан еді. Әбіржіп алдынан шыққан хабаршыдан істің жайын ұғып, талайдан бері халықтың ыза-кегін тудырып жатқан жайдың соңы уақыт-мезгілі жетіп жарылыс жасатқанын аңғарған Ақтеке өздерін «жиын» деген сылтаумен алпыстай адамды шақыртып алып қолға алмақшы екенін естігенде, әлгі хабаршыға өзінің Қарабұлғын өңіріндегі азаматтарды топтайтындығын, ал Тұрғын, Шіңгіл еліне хабар жіберіп, Көктоғай шұңқырындағы үкіметтің сақшы мекемесіне шабуылға өтуге әзірленуін қош көріп, Үліңгір өзенінің бас-аяғына адам шаптырып, өзі Көктоғайға аттанып кетеді. Көктоғай шұңқырына жеткен Ақтекелер сұрапыл соғыс бастайды. Төңірегінен топ-топ келіп қосылып жатқан көкірегі кекті азаматтар аянбай соғысу арқылы үкімет орнын басып алып, сақшы тұсқа беттегенде барлық қаруларын іске қосқан сақшы мекемесі бет қаратпай, біршама азаматтарды шығынға ұшыратқандықтан, тек құрал мен ақ таяқ көтерген жігіттердің жазым болатынына алаңдаған Ақтеке азаматтарды шегіндіріп кетеді. Осы күннен бастап Ақтеке соңынан топ-топ адамдар еріп, соғыс майдандарында жүрді. Азаматтарға жауларын жеңіп, еркіндік, теңдік алу жолында аянбай күресуге дем беріп отырды. Қаһарына мінген халық көтерілісінің барған сайын үдеп келе жатқанын байқаған қанқұйлы үкімет Шыңжан көлеміндегі әскери қосындарын шығарып, енді бір жағынан тыңшыларды жіберіп, Моңғолия үкіметімен тіл біріктіріп, құралсыз халықты екі жағынан қыспаққа алады. Мұншықта (жер аты) көп жаумен тынымсыз неше тәулік соғысу барысында Ақтекенің аяғына оқ тиіп жараланса да, аяғын таңдырып алған ержүрек азамат серіктеріне жол көрсетіп, ақыл-кеңес беріп отырады. Арып-талып шекара түбіне барған халықты Моңғолия үкіметі қарсы алдынан оқпен қарсы алады. Жауыз үкімет ұшақтар арқылы бомбылап, кінәсіз халықты ауыр қырғындайды. Осы Қаптық өңірінде іріктеліп шыққан азаматтар өз топтарын бастап жаумен өліспей- беріспей соғысады. 3 тәулікке жалғасқан соғыста ұшақтан түскен бомбы жарықшықтары Ақтекенің 7 жерінен ауыр жаралайды. Ауыр жараланған Ақтеке өзінің халін елең құрлы көрмей, азаматтарды жауға сілейте соққы беруге жігерлендіріп жатқанын көргендер осы бір қайсар азаматтың елінің қамы үшін, еркіндігі мен теңдігі үшін күресіне таң қалады. Үш тәулік бойы соғысқанда жау өлігі індеттен қырылған малдай жусап қала бергендіктен, ержүрек халықтың сұрапыл соғысынан беті қайтқан жау ақыры шегінуге мәжбүр болды. Барған сайын хал-жайы азайып бара жатқан Ақтеке жеңістің дабыл үнін күтіп жатқандай сәл езу тарты , азаматтардың қуанышына ортақтастығын білдіріп,әлсіреген дауыспен «жарайсыңдар, нағыз ерсіңдер» деген сөзді зорға айтып,1940 жылы қазанның ортасында 57 жасында дүние салған. Есіл ер көз жұмғанда Бәйтік аспаны құлап түскендей азаматтар егіле күңіреніп кетті. Осы бір аяулы көш басшыларының сүйегін иенге тастауға қимаған ел Үліңгір өзенінің бойында Сартоғайға әкеліп, «Аманат етіп» жерлеп қоштасады. Оыслайша адалдық,шындық,теңдік және бостандық үшін зыр жүгірген ардагер азаматымыз осылайша өмірден өтті. Бірақ оның ерлік пен ізгілкке толы еңбегі бүгінгі және ертеңгі ұрпақтар жадынан мәңгі шықпайды.

Ерлігі ерен жұбайлар

Зейнел үкірдай Тоқтыбайұлы Көктоғайдағы Құтымбет - Қарақастың беделді ақ сүйегі Тоқтыбайдың тұқымы, арғы атасы Дулат, бергі атасы Өскенбай қажыдан бастап бақ-дәулет дарып, атадан жалғасқан билік мұрагерлерінің басы, Алтай мен Қобда билігі Бейжиңге біртұтас қарап тұрғанда Өскенбайға үкірдайлық, Тоқтыбайға зәңгілік биліктің берілуі мына ортадағы Қарақас руына ғана емес, он екі Керейге салауатын тіпті арттыра түскен еді. Міне, енді нұр үстіне нұр болып Тоқтыбай қария үшін «қылау» сынды биліктен гөрі төбесін көкке жетердей еткен, қызыл сары өңді, орта бойлы, шегірлеу көзді ұлы Зейнелдің зейінді болып көзге түсуі әке үмітіне алау жағады да, осы ұлы 5 жасқа шыға салысымен той-томалақтан қалдырмай, дау-шарлардың бәріне апарып, кәрі құлақ қариялардың парасатымен нәрлеп, тегеуірінді балуандар мен батырлардың арпалыстарын көрсетіп, ұлының жүрегіне шоқ құяды, жақсы-жаманға көзін үйретіп, темір қанат түз түлегіндей баулиды. Сұңғыла әкенің етегін ұстап, ертеңіне ізгілік алған ол ең әуелі теңсіздігі жоқ, тепершілігі зор замандағы жесір дауы, жер дауы мен барымта-сырымта дауларының барлығы мына дәуірдің тарлығынан екенін түсінген балаң жігіттің кейде ашына кектеніп, ақиқат жа ғына тұрып шешім айта алатынын ұлынан көрген әке «бала әкенің күткенінен емес, халықтың күткенінен шықса ғана жарағаны» деп отыратын үлкен үмітпен. Бала күнінен-ақ өзімен бірге ойнаған балаларды ақылына көндіре білетін, молданың алдында зеректігін таныта алатын, үйде әке айтқан билік туралы кеңестерге зейін салып өскен Зейнелге сүйінген бұл ортадағы Қарақастың зәңгісі Қубай мен биі Әйтеке кеңесе келіп, Тоқтыбай үкірдайдың қартайған жайын ескере: « Әкеден не мұра, әке көңілін қуантар ұл мұра ғой. Мынау жалғыз ұлың Зейнел өзіңді ғана емес, бүкіл Қарақас, одан асса Керейдің басын түзей алатын ақылы бар, тілі бал азамат болғалы тұрғанын байқаймыз, деген Қубай сөзін Ақтеке де құптай: « Рас-ау, енді тіл мен көзден Құдай қақсын, әуелі өз сөзіңіз еді. «Тізе қатып, бел иілді» дейтін өз сөзіңіз де бар, ендеше Зейнелді ұлықтың алдына апарып, билігін тұрақтандырып алғымыз келіп тұр, - дегенде, сақалын саумалап отырған Тоқтыбай: «Адам сайтан емес, алда бір өлім бар ғой. Бұларың табылған ақыл екен. «Он бестегі отау иесі» дегендей, ұлым он алтыға аяқ басты. Жасы кіші десе де, істілігіне сенемін. Жол көрсетіп, жетелей берсе не жаман, – деп қолдайды. Осы жылы, яғни 1926 жылы Зейнелді Кубай, Ақтеке екеуі Үрімжідегі Баймоллаға апарып, өздерінің келген жайын айтады. Бүкіл қазаққа өлкедегі уәкіл болып тұрған Жаң генаралдың дүңшесі, ірі зиялы Баймолла мырза зыр жүгіріп, өлкелік мекеменің мойындап бекітуінде Зейнелдің үкірдайлық шен-шекпенін беріп жолға салады. Осыдан бастап Ақтеке мен Қубайдың баулуымен Зейнел бала болса да ел ішіндегі дау-шарларға араласып, тура биліктің жолын қуып отырды. Қарақас руының ұлтандысы Құтымбет табы болғандықтан, мына ортада Зейнел үкірдайдың басқару көлемі кеңіп, бүтін Қарақастың билігі осылай аунай береді. Зейнелдің мынау заң-законы елге онша таныс емес ортада ел билігін тура ұстап жүргізуі оңайға соқпады. Әлдінің әлсізге, бардың жоққа дөрекілігінен тыс ұлттар ара қақтығысы да ушығып тұрған бұл күнде қалайда ақиқатты ышқынта сөйлеуі керек екенін ол әбден түсінеді. Жастай ел билігін қолына алған Зейнел ұзамай Шақабай Жәңгірдің қызы Дариғамен көңіл қосып, жол-жосын кәдесі мен тойларын жасап, жұбы жараскан жұбай болады. Ауылда оқып білім алып, әдепті болып өскен Дариға Зейнелдің оң тізесін басқан уәзірдей ақыл мен кеңестің адамы болып, зерек те ибалығымен келген жеріне майша сіңіп, билік, кеңестердің бір жағында жүрді. Зейнел үшін ең үлкен сынақ 1933 жылы Алтай өңірінде пайда болған «алты дүңгеннің» оқиғасы еді. Аңқау ел олардың теріс үгітіне сеніп, «Құдай жолында Құран» дегеніне құрақша жапырылып, алғаш оларға ілесе қалған еді. Бірақ, Алтай өңірінде Моңғол, қазақ, дүңген, орыс болып қырғи қабақ соғыс басталды да кетті. Зейнел осы бір тынышсыздықтың ел берекесін кетіріп, халықты тоздырғанын байқап, Шәріпқан Көгедаев сияқты ел ағаларымен кеңесе келе өз ауылының атқа мінер азаматтарын жинап, ел арасындағы тыныштықты сақтау үшін елді берекеге шақырып, ерекше көзге түседі.1935 жылы Шағаншықта (жер аты) отырған Зейнел ауылына келіп түскен хабаршыдан «әлдеқайдан пайда ауылына қырғиша тиісіп, ел ішіндегі Дәсербай сияқты ауылына қырғиша тиісіп, ел ішіндегі Дәсербай сияқты біліктілерді қолды етіп, Арасан арқылы Балаертісті бетке алып келе жатқанын» біледі. Зейнелдің төңірегінде бұл кезде ақылдаса қоятын ел ішіндегі ақсақал-көк сақалдар да жоқ еді. Мына тегі беймәлім топтың тыныш елдің іргесінен аш қасқырдай тигеніне алғаш ойланып қалады. Мұздай қаруланған жүз адам оңай емес қой. Сондықтан да ақылға салуы керек. Аз-кем ағаттық жіберсе, халық қаны суша төгілері хақ. Ал бұларды үкімет адамы дейін десе жақында ғана алман-салық, әскерге ат-азықты, тіпті киізіне дейін жинап беріп, жолға салған болатын. Анда-мұнда төңірегіне қырғиша тиіп, азық-түлігін жинап алып жататын Буыршынның шұңқырындағы бұлаңшылардың жемді ұзақтан тартқан жайын аңғарып, бұл жолы қуа жөнелер малдың топаны көрінбеген соң ел ішіндегі біліктілерді ұстап тұру арқылы олжа түсіру әдісі екенін сезген Зейнел ел ішінен алпыстай азамат жинап, мергендікпен аты шыққан Тәтей мен Жәңгірге құрал ұстатып, Бала ертісте орыстардың жолын тосуға жібереді. Олар тау жолында қазша тізіліп келе жатқан орыстың екі адамын атып түсіріп, жеті адамын ұстап шегіндіреді. Орыстар өздеріне қарсы келер қыр қазағы жоқ деп жүргенде екі тал оқпен екі адамын атып, жеті бірдей адамын ұстап кеткенін көргенде жүректері шайлығып қалады. Еріксіз әріптің артын бағуға мәжбүр болған олар өздері Зейнел қолындағы адамдарын аман-сау қайтып алған соң енді бұл маңға аттап баспауға уәде беріп зыта жөнеледі. Зейнел бұл жолы ақыл-айламен азаматтарын аман алып қалады. Бұл әрекет халықтың ғана емес, мұндағы үкімет орнының да таңдайын қақтырмай қоймайды. Бұл күндері Шыңшысай үкіметінің зобалаңы да халық басына ауыр апат әкелгендіктен, ел тозғындай бастаған еді. Осы кездердің бірінде Зейнел үкірдай Қалел тәйжіден бір хат алады, онда Баркөлден жақында жан сауғалап келген Ыдырыш бастаған 8 азаматты ел ішіндегі жансыздар үкімет орнына хабарлап қойғандықтан, бұларды қудалап жатқаны айтылады. Зейнел бұл істен хабар ала сала еш тартынбастан, әлгі 8 азаматты өз қолына алып, әрбір ауылға бөліп, паналай тұруды бұйырады, ал өзі Сарсүмбе іс басқару орнына ат тұмсығын тіреп, Гәнсу, Чиңқай өңірінен ауып келгендер қылмыс істеп емес, қайта туыстары қасына көшіп келгендер екенін, сондықтан үкімет бұларға албаты тиісе бермей, қайта қанат астына алу керектігін мақұлдатып қайтады. Осылайша басар жер, барар тауы қалмаған 8 азамат Зейнелдің алдыңа келіп, оның адамгершілігіне, ақылы мен ерлігіне бас иіп, тәнті болады. Бір жыл бір жылға ұқсамай заман құбылып тұрған осы бір шақта Өр Алтай елінің ыза кегінен 1940 жылы қаңтардағы «әкімнің басын алудан» басталған күрес халықтың қан төгіс соғысына айналды. Сол жылдың күзінде ел ішіндегі кей дін жамылғысын бүркенген мансап құмарлар қанқұйлы Шыңшысай үкіметінің сойылын соғып, халықты алдап бір рет тоқтамға келтіреді. Екі жақ түрлі шарттар арқылы келіскенімен, халық қолындағы құралды жинап алған үкімет қайтадан құбылып, 1941 жылы берген уәделерінен жалт береді де, ел ішіндегі сорпа бетіне шығарларды қайтадан жасырын түрде қолға түсіре бастайды. Айтатындары «мылтық жасырды», «алман бермеді» деген өтірік сылтаулар. Әккі үкіметтің жөнсіз бұл іс-әрекетіне жаны төзбей шиыршық атқан Зейнел үкірдай Ышқынты (жер аты) өңіріне азаматтардың басын қосып, жауға қарсы соғыс ашудың бекіміне келеді. Осы күні мал қораланып, ел орнына отыра бергенде, Рақаттың келгенін көрген Зейнел өз көзіне өзі сенбей: «Рақатпысың, қайдан жүрсің, арыстанның апаны сияқты төңірегі анталаған жау бекіністен қайтып шықтың? - деп бұл күнде аудан әкімінің орынбасары болып Көктоғай шұңғырында жау ішінде отырған Рақаттың мына жүрісіне таң қалады. «Халықтың күй-жайын көріп-біліп отырмыз. «Жиын» деп мына үкімет тағы да бірнеше адамды алып кетті. «Алдырар Құдай жаздырар» деген осы екен, алданыппыз Зеке… - деді есіктен кіре бере Рақат ашулана налып. Осылайша алданып, қолдағы құралдан айырылуымыз өзіміздің аңғалдығымыз ба, сұрқия үкіметтен бе, әлде әлгі жағымпаз тыңшылардың шырғысы ма, білмедім? - деді Зейнел де Рақат сөзіне қосыла. Осы аз-кем сөздерден кейін-ақ ширыға қалған екі алып әңгімелерінің соңында төңіректегі ел басы, атпал азаматтармен бас қосып кеңесуді жөн көрді. Осы түні Зейнел үйінде бас қосқан азаматтар екі беткей үкіметтің қанды қырғынына кектеніп, еркіндік, теңдік үшін қасық қандары қалғанша күресуге қасам ішіп, қағазға қол қою арқылы бекем бел буысты. Осылайша екінші рет Шыңшысай үкіметіне қарсы соғыс оты бұрқ етті. Халықтың жасырын түрде ұйымдасып жатқан жайы жансыздар арқылы Алтайдағы үкімет құлағына тиеді. Әккі жау тау жолы арқылы Көктоғайдағы тыныш жат- қан елге тарпа бас салып қанға батыруды жоспарлайды.Сөйтіп, Бөрінжапен Жолдының басқаруында 1500 жасақ шеру тартады.Жер қайыстырған жаудың жайын ұққан Бурылтоғайдағы Қақыш би мен Ыбырайқан үкірдай Сарбұлақта отырып Ышқынтындағы Зйнелге хабар жібереді. Зейнел 500-дей азаматпенр жаудың бетін қайтаруға жол тосады. Ел үшін еңіреген ержүрек азаматтар жауын ығыстырады. Осылайша тұңғыш рет мұздай қаруланған жаудың бетін қайтарған Зейнелге елсүйсініп, мұндай ұлдары бар халық қашанда жеңісті қолдан бермейтіне сенім туған еді. Қанды қырғын соғыс халық басына ауыр апат алып келді. Мұздай қаруланған жау қолынан талай сарбаздар жантәсілім етті. Қыр қазағының күші күн сайын әлсіреді, бірақ, киімсіз, азықсыз қалғаяқатын-балалары мен қариялардың кетеуі кетсе де табандылықпен соғыса берген болатын. Осы арада үкіметтен тағы да уәкіл келіп, келісімге келген Зеинелдер соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ел түгелдей жайлауға көшіп, көктеуліктегі халық Көкебұлақ, Сарбұлақ өңіріне топтала барып отырды. 3000-дай халық жиналған Сарбұлақтың Қаратасында ашылған тыныштықты құттықтауға арналған мәжілісте Көктоғай халқының уәкілі Рақат сөйлеп, «халықтың еркіндігі, теңдігі бұдан кейін үкіметтің тыныштық сақтау арқылы халықпен етене болатыны» жайында тебірене айтқанда халық көңілінен шыққан сөз ду қол шапалақпен қарсы алынды. Жиын соңынан үкімет пен халық арасындағы келісімді мәжіліс арқылы бітіріп келуге Зейнел бастаған 13 адам Сарсүмбе қаласына аттанып кетті. Бірақ, 1942 жылы 31-қазан күні Сарсүмбеге барған ел ағалары мұндағы үкімет адамдарының жүріс-тұрысы мен өздеріне деген көзқарастарынан күдіктеніп, бұларға амалсыз ере барған Мәтенді шақырып: « Мыналарда бір сұрқиялық бар сияқты. Қарақастан қыз алған Ақтандікіне мына аттарды алып баршы,»- деген Зейнел сөзін Есімхан да құптап, ол да өзінің міне келген атының шылбырын Мәтенге ұстатты.– Аман болсақ, сол жерден мінерміз, болмаса біздің көзіміз болып қалсын, -- деп қамшысын қанжығаға байлап, Зейнел де өз атын Мәтеннен жөнелтіп жібереді. Айтқандай әккі жау 13 бірдей ел ағаларын Үрімжіге самолетпен бір-ақ жөнелтті. Зейнелдің Құдай қосқан қосағы Дариға бұл кезде 26 жаста ғана еді. Жас ару қанша налыса да, тағдыр- дың тәлкегіне көнуден басқа амалы қалмады. Сөйтіп, Зейнелдің орнын басар жалғыз Уаң есімд медет тұтып, оны бауырына басып, тілеуін Құдайдан тілеп қала берді. Бұл қайғылы күннен кейін тек Дариға емес, бүкіл ел Шыңшысай үкіметінің талай-талай қоқайын көріп, торғайша тоза бастады. Зейнел бастаған бір топ ел азаматтары Үрімжіге жеткізілген соң қауіпті деген бір тобын 1942 жылы 20-қаңтар күні ресми түрде тұтқындап, алуан түрлі тағылық қинаулар арқылы бірден о дүниеге аттандырып жатты. 1943 жылы 17-сәуір күні түскі сағат 12-дегі тергеу ержүрек Зейнелдің соңғы тергеуі екенін өзі де аңғарған болатын. Табанын тілгілеп, денесін алуан түрлі қинау тәсілдерімен жарақаттап, аштықтан бұратылып жатса да елі үшін еш нәрседен тайынбаған арынды жігер, асқақ рухпен о дүниеге аттанды. Марқұм Зейнелдің қазасы артта қалған елінің жүрегінің пара-парасын шығарды, ал енді ғана 29 жасқа келген Зекеңнің қыршыннан қиылғанын естіген Дариға қаншалықты қайғы-қасірет жұта жүріп ұйқысыз түн, күлкісіз күн өткізді. Зейнелдің көзін жойғанын қанағат етпеген үкімет енді қанды ұяғын жас ару Дариғаға батырды.Дариға төрт жарым айдай түрмеде отырды. Әр күнгі ауыр қинау, түрме азабы, аштық Дариғаны қатты қинап жіберді. Жаудың қанды тұяғынан аман-сау құтылған Дариға жаутаң көз ұрпақтары мен елінің арасына оралғанда тез сергіп сала береді. Байахмет Жұмабайұлы «Өшпес есімдерінде» кейін елі үшін жұбайы Зейнел үшін азапқа төзіп, ауыр күндерді бастан өткерген Дариға анамыз 1962 жылы дүние салағанын айтады.

 

Бөлісу:
(Суреттер: ашық ғаламтор көзінен алынған) Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға