Жаңалықтар

Тарихи отанына оралған балуан Қазақстанға қола медаль сыйлады

Тарихи отанына оралған балуан Қазақстанға қола медаль сыйлады
Фото: ©Olympic.kz/Tengrinews/Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ 05.10.2023 09:40 1316

Грек-рим күресінен Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлде еншілеген Азат Садықов жарыстан кейін әсерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азат 1998 жылы Ресейдің Орынбор қаласында дүниеге келген. Бірнеше жыл Ресейдің намысын қорғады. Алғаш рет Қазақстан атынан Азия ойындарына қатысты. Ол 77 келіде күресіп, қола жүлде еншіледі. Тек жартылай финалда болашақ чемпион, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовқа ғана есе жіберді.

Мақсатым жоғары болатын. Алғашқы белдесуде жапон Кодай Сакурабаны оңай жеңдім. Есеп – 6:0 болды. Одан кейін Таиландтан келген Висит Тамвиратты қапы қалдырдым. Өкінішке қарай, жартылай финалда қырғыз мықтысы Ақжол Махмұдовпен белдесуім ойдағыдай болмады. Бірінші үш минуттықта төтеп беруге тырысқан едім. Екінші кезеңде денсаулығым сыр беріп, жарытып ештеңе көрсетуге мүмкіндік болмады,- дейді Азат Садықов.

Қазақстан азаматтығын алған соң, спортшы Алматыда тұрып жатыр екен.

Осында келіп үйлендім. Ата-анам мен туыстарым Орынборда. Қазақстанға жалғыз өзім келдім. Алғашында ешкімді танымайтын едім. Бапкерімнің арқасында осындай жетістікке жеттім. Жаңабай Оспанов болмағанда баяғыда күресті тастап кетуім әбден мүмкін еді. Сол кісіге жолыққаныма қуаныштымын, - дейді балуан

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға