Тарихи медаль: қазақстандық спортшы Гран-приде жүлдегер атанды
18.08.2025 09:08
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Висла қаласында өткен Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Халықаралық жарыста ел намысын қорғаған отандасымыз жекелей сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді.
Финалда Васильев 119,3 ұпай жинады.
Австрия спортшысы Никлас Бахлингер жеңімпаз атанды. Үшінші орын Болгария өкілі Владимир Зографскийге бұйырды.
Осы күміс медальдің арқасында Данил Васильев 2026 жылы Миланда өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын алуға бір табан жақындады.
Бұған дейін ел тарихында жазғы Әлем кубоктарында ең үздік көрсеткіш Сергей Ткаченкоға тиесілі еді. 2021 жылы ол Щучинсктегі аламанда 6-орын алған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

