GOV.kz

Тарихи ескерткіштер жалға берілуі мүмкін

Астанада қалалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерді жалға алып пайдалану мүмкіндігі қарастырылып, бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астана қаласының мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов мәслихат отырысында:

Сіздердің назарыңызға тарихи-мәдени ескерткіштерді жалға беру ақысын белгілеу туралы шешім жобасы ұсынылады. Бұл бастама Премьер-министрдің 2025 жылғы 13 тамыздағы өкімімен және 2025 жылғы 17 шілдедегі заңдарға негізделген,- деді.

Қазіргі таңда елордада жергілікті маңызы бар 43 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың ішінде 26 қала құрылысы мен сәулет ескерткіші, 7 монументтік ескерткіш бар. Танымал нысандар қатарында Октябрь кинотеатры, Бейбітшілік және келісім сарайы, бас мешіт, Кенесары және С. Сейфуллин ескерткіштері бар.

Жалға алу құны әр ескерткіштің түріне қарай бір шаршы метрге бір айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.

Мәслихат депутаттарының сұрағына жауап ретінде Мейірманқұлов:

Жеке ұйымдар мен мекемелер ескерткіш маңында іс-шара өткізген жағдайда мемлекетке салық төлейді. Мемлекеттік мекемелер бұл ережеге жатпайды, - деді.

Дауысқа салу нәтижесінде депутаттар ескерткіштерді жалға беру бастамасын бірауыздан қолдады.