«Тарих жазуды тоқтатпаймыз». Үш түрлі әлем чемпионатын ұтқан балуан мәлімдеме жасады
29.10.2024 15:02
Фото:
instagram.com/rr1zabek
Еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан алдағы жоспары туралы айтып, қазақстандық жанкүйерлерге үндеуін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Олимпиада ойындарында да топ жаруды көздейтінін алға тартты.
Тарих жазуды тоқтатпаймыз. Бұл жеңіс менің ғана жеңісім емес, бүкіл қазақ елінің жеңісі! Халқым мен отбасымның қолдауының және адал еңбектің арқасында бүгін үш дүркін әлем чемпионы атану бұйырды, Аллаға шүкір!
Алдағы уақытта бірнеше жарыстарда еліміздің туын асқақтатып, олимпиаданы бағындыруға күш салатын боламын. Сіздерді әрі қарай чемпиондарымызды жеңісте ғана емес, жеңілісте де қолдап, шын жанкүйер болуға шақырамын! – деп жазды Айтмұхан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

