© Pixabay.com

Тараздық әйел дүкеннен шамамен 58 мың теңге тұратын косметиканы оп-оңай ұрлап кеткен

28.09.2024 05:19

Таразда 35 жастағы әйел дүкеннен косметиканы қолды етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға дүкен иесі шағымданып, 57 500 теңге сомасында ұрлық жасалынғаны туралы айтқан. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол кремдер мен парфюмерия өнімдерін ұрлаған. Әйел өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде