Жаңалықтар

Тараздағы ең мерейлі отбасы

Отан отбасынан басталады
20.06.2016 09:11 5178

Елімізде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Мерейлі отбасы» байқауы өңірлерде өтіп, үздіктер іріктеліп жатыр. Жамбылдық Құлпамышовтар отбасы бұл байқауға қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Тараздағы ең мерейлі отбасы

Олар үшін бақыттың басты кілті отбасындағы сыйластық пен мейірімділікте. Бұл шаңырақтың отағасы - нағыз еңбек адамы. Шаруа бүгінде 12 баладан 24 немере сүйіп, ұрпақ тәрбиелеп отыр. Байқауға қатысуға 178 отбасы қатысуға ниет білдірген. Оның ішінен үздік деп танылған тек екі жанұя ғана елордаға жол тартады. Ал жеңімпаздар әрқашан отбасындағы сыйластықпен бірліктің іргесін беки түсеміз деп отыр. «Отбасының мерейлі әрі өнегелі болуының сыры - еңбек пен тәрбиенің арқасы», - дейді Құлпамышовтар.

 «Адалдыққа, адамгершілікке сосын еңбекке баулып жатырмын. Тастап кетпесін. Біз сияқты еңбектенсін. Біз өз еңбегімізбен «Мерейлі отбасының» бас жүлдесін жеңіп алдық», - дейді облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Төрехан Құлпамышов.

Облыстық ішкі саясат басқармасы бөлім басшысы  Мақсат Жақыпбаевтың айтуынша, облыстық конкурсқа 44 отбасы қатысқан.

«Оның ішінен 1-орынды және бас жүлдені жеңген екі отбасының құжаттары Астанада өтетін республикалық конкурсқа жолданатын болады. Республикалық конкурс қыркүйек айында Астана қаласында өтетін болады», - дейді ол.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға