Жаңалықтар

Таразда вейп сататын жерасты дүкен анықталды

Таразда вейп сататын жерасты дүкен анықталды
Фото: Жамбыл облыстық Полиция департаменті 20.07.2024 04:14 1008

Таразда "Қарасора-2024" іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын "Smoking shop" жерасты дүкені анықталды. Полицейлер 1 миллион теңгеден асатын электронды темекі тәркіледі6 деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тінту барысында 113 электрондық вейп табылды. 8000 рет ішке тартатын "Waka" маркалы электронды темекінің 1 данасының бағасы 10000 теңгеден сатылып келген.

45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және криминализацияланғанын ескертеді. Оларды өндіру, әкелу, сату және тарату қазіргі таңда  қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұрын осындай өнімдерді сатқан кәсіпкерлерді тауарды жою бойынша іс-шаралар жүргізуге және өз бизнесін қайта бағдарлауға шақырамыз, - деп бизнес-қоғамдастыққа өтініш білдірді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға