Таразда үшем дүниеге келді
Фото: Жамбыл облыстық ДСБ баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облыстық ДСБ баспасөз қызметі
23.10.2022 00:11
1590
Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында Жалпақ төбе ауылынан Абдуллаевтар отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz.
Отбасы тірегі - Алинур Абдуллаев супервайзер, анасы - Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр: 2015 жылы туған Айлану және 2018 жылы дүниеге келген Амелия.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жүктілік отбасы үшін тосын сыйларға толы болды, үшінші рет көтерген жас әйел бірден үшемге жүкті болды.
"Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980,0, 2120,0 және 2020,0 грамм болды. Оларға әдемі есімдер берілді: Айлин, Әлия және Элиф. Туылғаннан кейін шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды. Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылуда", - деп хабарлайды Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір балалар анасымен бірге.
"Жас келіншекке емшек сүтімен емізу, салмағы аз нәрестелерге күтім жасау, сондай-ақ қауіпті белгілердіің алдын-алу мен онымен жұмыс бойынша кеңестер берілуде", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық шахматшылар Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
Келесі жаңалық
АҚШ-тың бұрынғы президенті ауруханаға түсіп қалды