Жаңалықтар

Таразда "Әулие-Ата" әуежайы уақытша жабылды

Осыған орай әуежай аймағында көліктердің қозғалысы шектелді.
Таразда "Әулие-Ата" әуежайы уақытша жабылды
Фото: inbusiness.kz 15.10.2022 03:28 1692

Таразда әуежайда "Дабыл-Антитеррор-2022" жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды El.kz.

Осыған орай әуежай аймағында көліктердің қозғалысы шектелді.

Сағат 09:00-де "Әулие-Ата" әуежайында Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы "Дабыл-Антитеррор-2022" жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.

Штабта атап өтілгендей, іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісіне тосқауыл қою, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау бойынша практикалық дағдыларын дамыту.

"Жаттығу әртүрлі күрделі элементі бар жағдайлармен күресуге мүмкіндігінше жақын", – деді Жамбыл облыстық терроризмге қарсы жедел штабы.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға