©El.kz/Арман Мухатов

Таразда қызды көлікке күштеп отырғызу сәті видеоға түсіп қалды

27.10.2025 19:38

Тараз қаласында белгісіз адамдардың қызды аялдамадан күштеп көлікке отырғызған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бейнежазбада бойжеткеннің қарсылық танытып, қашуға тырысқаны, ал куәгерлердің көмек көрсетуге ұмтылғаны көрінеді. Соған қарамастан қызды көлікке отырғызып әкеткен.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысы бар барлық адамдның анықталып, тергелгенін мәлімдеді.

Тексеру барысында тараптардың бір-бірін бұрыннан танитыны және өзара ешқандай шағымы жоқ екені белгілі болды, – делінген полиция таратқан хабарламада.

Соған қарамастан аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы – «Адам ұрлау» бабы бойынша іс қозғалды.