Жаңалықтар

Таразда құмар ойынға салынған директор өз фирмасын тонаған

Таразда құмар ойынға салынған директор өз фирмасын тонаған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.09.2023 14:32 728

Тараз қаласындағы шағын қаржы мекемесінің директоры құмар ойынның құрсауынан шыға алмай өз фирмасын тонаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

7 қыркүйекте Тараз қаласының "102" арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн. теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, "Тосқауыл" жоспары енгізілді. Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға