Жаңалықтар

Таразда қарасора өсіретін фитозертхана анықталды

Таразда қарасора өсіретін фитозертхана анықталды
Фото: Видеодан кадр 21.01.2024 12:38 308

Тараз қаласында қарасора өсіру үшін жабдықталған фитозертхана анықталған. Үй иесінің айтуынша, ол есірткі өсімдігін өзі жеке тұтыну үшін өсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталды. Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны сарайының жертөлесінде қарасора өсіруге арналған фитозертхана ұйымдастырған.

Тұрғылықты жерін тінту барысында полиция қызметкерлері 9 түп қарасора, екі өскін, 1 көкнәр бұтасын тауып тәркіледі.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мләметінше, ол есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған бөлмені желдету жүйесімен, жылыту құрылғысымен, шамдармен арнайы жабдықтаған. 

Күдіктінің айтуынша, өзі жеке тұтыну үшін есірткі шөбін үйде өсіруді ұйымдастырған. Ол қарасораның тұқымдарын интернет желісі арқылы тапсырыс беріп алдырған. Тағы бір заттай айғақ ретінде ер адамның қарасораны өсіру бойынша өз қолымен жазған нұсқаулығы бар бір парақ қағаз табылды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оған қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ сот-химиялық сараптамасы тағайындалды, - деді Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға