ТЖМ баспасөз қызметі

Таразда өрт кезінде 8 адам эвакуацияланды

14.10.2025 05:35

Бүгін кешкі уақытта Жамбыл облысы Тараз қаласының Ұлы дала шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, төртінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар жанған.

ТЖМ-нің қызметкерлері баспалдақ арқылы 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін Курчатов қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері 21 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялаған болатын