Таразда Наурызды тойлау кезінде бірнеше көше жабылады
17.03.2024 21:38
Фото:
©Pixabay.com
Көне шаһарда Наурызды тойлау кезінде бес күн бойы бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық билік мәліметінше, 17-21 наурыз күндері Төле би және Абай даңғылдарында қозғалыс тоқтайды. Бұл көшелерде киіз үй тігіледі.
Сонымен қатар 20 наурызда сағат 8:00 бастан 21 наурыз күні түн жарымға дейін Абай көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін жабылады.

