Жаңалықтар

Таразда конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі талқыланды

Таразда конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі талқыланды
12.05.2019 00:00 5599

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы және облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында облыстық конференциясы өтті.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева «Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбында баяндама жасады.

Оның барысында спикер бүгінгі таңда өңірде этносаралық қатынастарды, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған 957 іс-шара өткізілгенін жеткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екі ұзақ мерзімді жоба іске асырылуда.

 

Сондай-ақ, елімізде Ассамблея қамқорлығымен 800-ден астам қоғамдық медиатор жұмыс істейтіні белгілі. Олардың белсенді араласуының арқасында тек өткен жылдың өзінде ғана 20 мыңға жуық медиациялық келісім жасалса, Жамбыл облысында медиаторлар 735 даулы жағдайды шешкен. Биылдың өзінде медиация кабинеттеріне 232 азамат жүгініп, 192 жанжал мен даулы жағдайлар шешімін тапты.

Жалпы жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі де белсенді араласуда. Олар биылдың өзінде 42 кездесу ұйымдастырып, 2580 адамға ақпараттық кеңес берді.

Іс-шара барысында  «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев ислам дінінің ұлағатты да тәрбиелік қағидаларында әрбір мұсылман үшін дінаралық татулық пен үйлесімнің міндетті екенін және мұсылман қауымы өзге конфессия өкілдерімен бейбіт өмір сүрудің мән-маңызын ерекше бағалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, өз баяндамаларында этномәдени бірлестіктер мен жастар лигасының жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының, этносаралық татулықты сақтаудың мән-маңызын атап өтті.

Жиынға қатысушылар конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан әлемдік аренада жоғары құрмет пен беделге ие болғанын, көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға