Жаңалықтар

Таразда көлік көше ортасындағы үлкен шұңқырға түсіп кетті

Таразда көлік көше ортасындағы үлкен шұңқырға түсіп кетті
Фото: ©️ instagram/taraz_life 17.06.2024 14:02 379

Таразда көлік көшенің қақ ортасында қазылған жылу магистралінің шұңқырына түсіп кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқиға жексенбіде Төле би көшесінде болған. Мұнда магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайын Жамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлады.

16 маусымда сағат 17:50-де Төле би көшесімен Абай көшесі бағытында Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі «3.1 Кіруге тыйым салынады», «1.23 Жөндеу жұмыстары» жол белгілерін елемей, жолдың жабық бөлігіне өтіп кеткен. Магистральдық құбыр жөнделіп жатқан жолда қоршалмаған шұңқырға түсіп кеткен, - делінген хабарламада.

Апат салдарынан жүргізуші, оның әйелі және кәмелетке толмаған екі баласы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Полицейлер мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға