Жаңалықтар

Таразда ҚХА мен тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты мәселелерді қарастырды

Таразда ҚХА мен тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты мәселелерді қарастырды
27.02.2019 05:57 2314

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева бастаған этномәдени бірлестік өкілдері Жамбыл облысы бойынша полиция Департаментінің басшысы Арман Оразалиевпен кездесті.

Оның барысында еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақты арттыру,  этносаралық қақтығыстар, даулар мен жан-жалдарды болдырмау, сонымен қатар, көші-қон, құықбұзышық секілді мәселелердің алдын-алу және шешу мәселелері қаралды.

Жамбыл облысында барлығы 87 этникалық топ өкілдері тұрады. 73 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың ішінде 26-сы Тараз қаласында,  47-сі аудандарда.

Сондай-ақ, полиция бөлімшесінде де қазақ, өзбек, орыс, әзірбайжан, татар, корей – жалпы 20-дан астам ұлт өкілдері тұрақты түрде қызмет атқарып келеді.  

Кездесу барысында ұрлыққа қарсы іс-қимыл, көші-қон және жергілікті полиция инспекторларының қызметі мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді жұмыстарға арнауы, әсіресе Қазақстанда Жастар жылын ескере отырып атқарылуға тиіс жұмыстар жүеленді.

Сонымен қатар, ПД бастығы Арман Оразалиев ІІМ мен Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды дамыту мақсатында 2019-2020 жылдарға арналған этносаралық қатынастар саласындағы өзара келісімді нығайту жөніндегі бірлескен Жоспарға қол қойылғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға