Жаңалықтар

Таразда этномәдениет орталықтары мен Қырғызстандағы қазақ диаспорасы суретшілерінің көрмесі өтті

Таразда этномәдениет орталықтары мен Қырғызстандағы қазақ диаспорасы суретшілерінің көрмесі өтті
03.09.2018 06:55 3568

 

Тараздағы Достық үйінде Қырғызстандағы «Туған жер» атты қазақ диаспорасының және облыстық этномәдени бірлестік суретшілерінің кескіндемелері мен графиякалары қойылған облыстық көрме өтті.

Көрмеге 25 суретшінің жұмысы ұсынылды, оның 6-сы Жамбыл облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінен, 4-і Қырғызстандағы «Туған жер» қазақ диаспорасының өкілдерінің еңбегі.

Көркем сурет өнерінің көрмесі ҚХА-ның жас суретшілері дайындаған сән көрсетілімімен ашылды.

Сонымен қатар облыстық «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Коре» корейлер қауымдастығы мүшелері, Өзбек ұлттық этномәдени бірлестігі, «Радонэж» орыс қоғамы», «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени орталығының» әуесқой суретшілерінің көркем суреттері, кескіндеме графикалары, майлы бояумен салған гүл шоқтары көрермендер назарына ұсынылды.

Көрме аясында ұлттық өнерді дәріптейтін қолөнер іскерлерінің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды - ши арқылы тоқыма өнері, сәндік элементтер тоқу,  дәстүрлі Дунган кестелерінің ерекшеліктері таныстырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмені өткізудегі басты мақсат - өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, еліміздегі ҚХА рөлінің маңыздылығын түсіндіру, қазақстандық стандартты ұлтаралық қарым-қатынаста насихаттау, бірегей мәдениетіміздің алуан түрлілігіне синтетикалық жаңа көзқарас әзірлеу, заманауи Қазақстанның өмір сүру формасы мен құбылыстарын қалыптастыру болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға