Жаңалықтар

Таразда дәрігерлер әйелден салмағы 15 келі болатын миоманы алып тастады

Таразда дәрігерлер әйелден салмағы 15 келі болатын миоманы алып тастады
Фото: ҚР ДСМ 16.10.2024 00:20 1159

50 жастағы науқас өзінің миомасы туралы үш жыл бұрын білген, бірақ дәрігерге барудан қорқып, жағдайды ушықтырып алған. ДСМ мәліметінше, нәтижесінде Тараз қалалық көпбейінді аурухана дәрігерлері одан 15 кг миоманы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гинекология бөлімшесінің тәжірибелі хирургтары Рымкеш Қошқарова мен Жәмила Мұсаева үлкен миоманы алып тастау операциясын жасаған. Миома алынғаннан кейін әйелдің жағдайы айтарлықтай жақсарды.

ДСМ дерегінше, жатыр миомасы - жатырдың бұлшықет қабатында пайда болатын және репродуктивтік жастағы әйелдерде жиі кездесетін қатерсіз ісік. Статистикаға сәйкес, әйелдердің 40%-ы осы аурудан зардап шегеді.

Дәрігерлердің айтуынша, жатыр миомасының дамуы тек гормоналды теңгерімсіздікпен шектелмейді. Кейде жатырдағы эстроген деңгейі жоғарылауы мүмкін, бірақ бұл қан талдауынан әрдайым көріне бермейді. Миоманың пайда болуына қалқанша без, бүйрек үсті безі, гипоталамус-гипофиз жүйесі және аналық без аурулары да әсер етеді. Сондықтан алдымен гормоналды өзгерістерді, содан кейін аталған ағзаларды тексеру маңызды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға