ЖО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Таразда бокстан ел чемпионы атанған бес баланың анасына атақ берілді

30.10.2025 19:42

Жақында Семейде аяқталған ел чемпионатында әйелдер арасында чемпион атанған тараздық Әйгерім Сәттібаева арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

48 келіде Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, 5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” белгісі табысталды. 

"Әйгерім 2024 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алса, биылғы жылы Қазақстан чемпионатында (Семей-2025) топ жарды.Біздің батыр бұрымды былғары қолғап шеберіне спорттық жолында жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!", - деп жазылған Жамбыл облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, кеше Жамбыл облысының құрамсы сапында ел чемпионатында өңір құрамасына тиелі жалғыз алтын медальды еншілеген боксшыға жергілікті спорт басқармасы 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берген болатын.