Таразда бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша электрондық кітап – әдістемелік құралы таныстырылды
Жамбыл облысы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл» атты Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің отырысы өтті.
Медиаторлар кеңесінің төрағасы Лариса Сафонова аймақта медиацияны дамыту үшін ортақ пікірлестер мен серіктестерді, оның дамуына мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы үлкен серпін бергенін атап өтті. «Өңірдегі ҚХА медиаторлары медиация мәселелері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен кездесулерге белсенді қатысып, оң тәжірибе алмасып, бірлескен іс-шаралар барысында медиация институтын одан әрі дамыту бойынша толықтырулар, түзетулер мен ұсыныстар енгізеді. Біздің ортақ мақсатымыз - медиация институтын дамыту», - деп атап өтті спикер.
Медиация туралы облыстық соттың судьясы Динара Нұрлыбаева бүгінгі таңда соттар, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, медиаторлар, барлық мүдделі мемлекеттік органдар бітімгершілік рәсімдерді қолдану арқылы қоғамдық келісімді нығайту саласында біраз жұмыстар атқарғанын атап өтті.
«Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек, өйткені мұндай жемісті ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынас қоғамда татуласу рәсімдері мен медиацияға оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Д. Нұрлыбаева.
Осынау отырыста медиацияның жай-жапсары туралы Тараз қалалық сотының бітімгерлік судьясы Жанна Абаева мазмұны осы тақырып бойынша ғылыми әзірлемелерге, дамыған мемлекеттердің халықаралық тәжірибесіне және өз тәжірибесіне негізделген бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша электрондық кітап – әдістемелік құралды таныстырды.
Сонымен қатар оқу құралының авторы отбасылық-неке дауларын; шарттық міндеттемелерден туындайтын дауларды; тұрғын үй, мұрагерлік және басқа да дауларды қарау кезінде психологиялық дағдыларды қолдану әдістемесін ұсынды.
Қорытындылай келе, баяндамашы әрбір адамға жұмыс үстелінде немесе цифрлық тасығыштарда электронды кітап құралының болуын тіледі. Оған татуластыру рәсімдері институтын дамыту мақсатында жүгінуге болады.