Таразда балабақша басшылары 13 млн теңге ұрлаған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
25.12.2023 10:21
1174
Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.
Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасының ақпаратында.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәсіпкер айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға үй сыйлады
Келесі жаңалық
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды