Жаңалықтар

Таразда айтыс ақындарына арналған орталық ашылды

Таразда айтыс ақындарына арналған орталық ашылды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 02.03.2024 10:22 735

Таразда облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Айтыс ақындарының орталының ашылуына облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, ақын, ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, Жамбыл облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай мен оның орынбасарлары және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатықаны белгілі болды. 

Айта кететін жағдай, бұл - бүгінгі таңда Қазақстандағы өзге өңірлерге өнеге болатын алғашқы орталық. Өйткені еліміздің өзге өңірлерінде айтыс ақындары мен жыршы-термешілерге меншіктеп, айдарлап берген мұндай орталық жоқ. Сондықтан алдағы уақытта басқа өңірлерге Жамбыл облысының игі бастамасын алға тартып, әрі қарай өзге өңірлерде де жалғасын табуына үлес қосуға тырысамыз. Ал киелі Жамбыл өңірінде ашылып жатқан бұл орталықтың болашақта атқарар жұмысы қыруар екендігіне және нәтижелі болатындығына сеніміміз мол,- деді ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.

Сонымен бірге ақын, жыршы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Серік Құсанбаев, айтыскер ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Халиолла жамбылдық айтыскерлердің сөз барымтасында көш бастап тұрғандығы туралы оң пікірлерін ортаға салды.

Ел игілігіне берілген бұл орталықтың бірінші қабатында Жыршы-термешілер бөлмесі мен жас айтыскерлер клубы орналасса, екінші қабатта қызметкерлер бөлмесі мен мәжіліс залы бар. Алдағы уақытта мұнда аудио жазба студиясын ашу жоспарлануда.

Мемлекеттік мекеме облыстағы айтыс өнерін, ақын-жазушылардың еңбектерін зерттеп, рухани өнерді дамыту мақсатында құрылып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға