Жаңалықтар

Таразда «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Таразда «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауының жеңімпаздары марапатталды
31.12.2019 10:22 2226

Тараздағы Достық үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мен Жастар жылы аясында облыстық Жол картасына сәйкес «Ауыл әкімі болғым келеді!» әлеуметтік жастар жобасының байқауы өтті.

Таразда «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Байқау жастарды өз идеялары мен бизнес-жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруға ынталандыруды, стартап-жобалары бар және кәсіпкерлік негіздерін игерген ауыл жастарымен қарым-қатынасты нығайту және қолдауды, сондай-ақ, ауылдың әл-ауқаты, тұрмысын жақсартып, ауылдағы жұмыссыздықты азайту мақсатын көздейді.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде аудандардағы жастардың ауылды көркейтуге арналған инновациялық жобалары іріктеп алынып, олардың өндірістегі жетекшілері бекітілді. Бақ сынасып байқауға қатысқан 25 жобаның ішінен облыстық турға 9 жоба жолдама алды.

Таразда «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жобалар байқауының нәтижесі бойынша бірінші орынды Құлан ауылшаруашылығы колледжінің Ветеринария мамандығының студенті Денис Гордеев «Баламалы энергия көзі негізіндегі агрономия мамандығының тәжірибелік алаңы» атты өндірістік жобасымен жеңіп алды.

Екінші орынды Қызылорда, Жамбыл облыстарының шөлейт жерлерін құнарландыруға бағытталған Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселесінің басқармасының қызметкері Асхат Олжабаевтың «Жоңышқа – табиғи тыңайтқыш» атты бірнеше жас ізденушілердің республикалық жобасы иеленді. Үшінші орынға М.Х. Дулати атындағы ТарМУ студенті Жарқын Талғаттың жаңа стандарттағы «Құс фабрикасы» жобасы лайық деп танылды.

Таразда «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сайып келгенде, «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауына ұсынылған жұмыстардың басым көпшілігі мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек, жұмыссыз жастарды демеу сияқты әлеуметтік саланы, өндірістер ашу, ауылда мал шаруашылығын, инфрақұрылымды дамыту сияқты сан-салалы мәселелерді қамтыды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға