Жаңалықтар

Таразда Ауған соғысының жауынгерлерін еске алды, ал Түркістан облысында «Айбын» клубының басшысы тағайындалды

Таразда Ауған соғысының жауынгерлерін еске алды, ал Түркістан облысында «Айбын» клубының  басшысы тағайындалды
25.02.2019 09:52 2362

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Ауғанстаннан әскерилердің шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Біз сіздерді есте сақтаймыз» еске алу кеші өтті.

Осыдан 30 жыл бұрын Кеңес әскері Ауған соғысынның алаңынан шығарылды. Олардың арасында қазақстандық сарбаздар да болды.

Осынау ерліктің ел ертеңі ұрпақ алдында насихаттап, азат аспанының астында ғұмыр кешу оңай олжа болмағандығын өнеге-өсиет ету – бізге парыз, дейді кешті ұйымдастырушылар.

Осыған орай тараз қаласында облыстық «Айбын» әскери-патриоттық клубы құрылып, оған белсенді жасөспірімдер арасынан алғашқы мүшелер қабылданды. Соғыс ардагерлері жас айбыншыларға өз қолдарымен таңбашалар табыс етіп, жастар ант қабылдады.  

Сондай-ақ, соғыстан аман келген ардагерлерді ардақтап естелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.

Ал Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Айбын» әскери-патриоттық клубының алғашқы отырысы өтті.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің Сарыағаш аудандық филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев жетекшілік еткен жиынға Ауған соғысының ардагерлері, этнос жастары мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысып, «Айбын» әскери-патриоттық клубының жоспары жөнінде пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында көпшіліктің ұсынысымен облыстық «Айбын» клубының жетекшілігіне ҚР «Қарулы күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының басшысы Бабай Алдабергенов тағайындалды. Клуб жұмысын қолдау мақсатында қатысқан әскери бөлімдердің қызметкерлері қолданыстағы заң аясында демеу көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Отанға қорған, халыққа қалқан әскери жауынгерлердің өмірімен етене танысып, қызметінің қыр-сырына қанығуға мүмкіндік беретін «Айбын» әскери-патриоттық клубын құрудағы мақсат – жастардың бойындағы отанға деген патриоттық сезім қалыптастыруға ықпал етуді көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға