Таразда апта сайын демалыс күндері 25 мың адам тойға барады
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі
05.12.2024 16:05
429
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте журналистер сұрағына жауап беріп, той туралы пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік той мәселесі бойынша арнайы сараптама жүргізген. Қарашөкеевтің сөзінше, Тараз қаласы бойынша әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері 25 мың адам тойға барады. Бұл мәселе аясында асабалармен жиын өткізіліп, нақты ережелер де әзірленген.
Ішкі саясат саласына жетекшілік ететін орынбасарым осы мәселемен айналысады. Басты мақсат – ысырапшылдыққа, заңсыздыққа жол бермеу. Меніңше, тойға шашылатын ақшаны жастарға қолдау ретінде жұмсаған дұрыс, - деді Жамбыл облысының әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада күндізгі ауысымға 900-ге жуық техника шығарылды
Келесі жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен