Жаңалықтар

Таразда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Таразда 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді
Фото: gov.kz 27.03.2023 14:39 2089

Тараз қаласы Барысхан тұрғын алқабында №62 орта мектептің ашылу рәсімі өтті. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ашылуына қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларды қуанышымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту біздің алға қойған басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінде облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер соғылып, апатты, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі рет-ретімен шешімін тауып келеді. Бұл өз кезегінде білім сапасының айтарлықтай  өсуіне септігін тигізері сөзсіз. Жамбыл өңірінен шығып, бүгінгі күні түрлі салада жемісті еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарымыз аз емес. Сіздер де сол аға-әпкелеріңіздің ізін жалғастырып, болашақта мықты маман болыңыздар , -деді облыс әкімі.  

Бұдан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, кілті тапсырылды. Қонақтар мектеп ішін аралап көріп, кабинеттерімен танысты.

Құрылысын мердігер «Тараз-Ирригация» ЖШС жүргізген мектеп 23 оқу бөлмесімен, компьютер, модификациялық, лингафон кабинеттерімен, спорт зал, шеберхана, асханамен қамтылған.

Айта кетейік, өткен жылы облыста 20 білім нысанының құрылысына 7,0 млрд. теңге бөлініп, 8 мектеп пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 12 нысанның құрылысы аяқталады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 20 мектеп салынады. Оның сегізінің құрылысы биыл басталса, қалғаны келер жылға жоспарланған. Тараз қаласында ағымдағы жылы төрт «Жайлы мектептің» құрылысы қолға алынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға