Жаңалықтар

Тараз қаласынан күміс тиындар көмбесі табылды

Көне жәдігер Х ғасырдың ортасына тиесілі
Тараз қаласынан күміс тиындар көмбесі табылды
03.09.2021 12:52 5295

 

Бүгінгі күн жағымды оқиғадан басталып отыр. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне «Музейге сый тарту» акциясы аясында Тараз қаласының тұрғыны Искандеров Рафаэль Төменгі Барысхан қалашығының маңында жер жұмыстарын жүргізу кезінде табылған күміс монеталардың көмбесін кездейсоқ тапты. Бұл туралы редакциямызға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі мекемесі хабарлады.

 

Көмбеде бірнеше бүтін және бөлшектенген күміс дирхамдары сақталған керамикалық құмыра және құмыранын тұтқасы табылып отыр. Белгілі қазақстандық ғалым-нумизмат, орта ғасырлардағы ақша айналымы бойынша 160-тан астам мақалалар мен монографиялардың авторы – П.Н. Петров бұл құнды көмбедегі дирхамдар саманидтік болып табылатынын және Х ғасырдың ортасына жататынын, олар үйінің жанында жасырған ұсақ саудагерге тиесілі болуы мүмкін деген пікір айтуда.

Сонымен қатар, бұған сол уақыттағы төтенше жағдайлар себебінен, саудагер сатып алғандарын сақтап қалғысы келіп, оларды ыдысқа салып, кейін оларды табу оңайырақ болу үшін, үйінің жанындағы жерге көміп тастауы әбден ғажап емес. Қазынаның жалпы салмағы шамамен 500 грамм күміс. Осындай көмбелер ортағасырлық Тараздың Ұлы Жібек жолында жетекші орындардың бірін иеленгендігінің «Көпестер қаласы» болғандығының және Керуен саудасында үлкен рөл атқарғандығының, сондай-ақ көптеген ғасырлар бойы түсті металлургияның маңызды орталығы болып келгенінің тағы бір дәлелі болып саналады. Қазына одан әрі ғылыми зерттеуді күтуде және уақыт өте келе қорық-музей залының экспозицияларында өз орнын алады. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы қазынаны тегін берген Искандеров Рафаэльге отансүйгіштік, өз өлкесінің тарихына деген сүйіспеншілігі үшін алғыс айтады!

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға