Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды
45 жастағы Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тараз қаласында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің Тараз қалалық прокуратураның бірлесуімен жүргізілді. Жеке тінту барысында күдіктінің киімінің қалтасынан 6 орам және үйін тінту кезінде тағы 10 орам – 1,065 грамм героин табылып, тәркіленді.
сталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.