Жаңалықтар

Тараз қаласы екіге бөлінеді

Тараз қаласы екіге бөлінеді
Фото: gov.kz 05.04.2023 21:11 2387

Тараз қаласы алдағы уақытта оңтүстік және солтүстік аумақ болып екіге бөлінеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысының əкімі Нұржан Нұржігітов Тараздың 11-округ тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бас жоспарға түзетулер енгізілген соң ауылдың 44 551 халқы қала тұрғынына айналады. Тараз халқының саны 408 235 болып, қала аумағы 11 755 гектарға ұлғаяды. Солай жалпы ауданы 30 542 гектарды құрайды.

Жоба жүзеге асқанда Таразда сәйкесінше, бір қала әкімі, екі аудан әкімі болады. Сонда көне шаһардағы әлеуметтік мәселелерді шешу де жеңілдей түседі. Біздің бұл бастамамызға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді, - деді жұртшылықпен жүздесуде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға