Тараз мектептерінде 147 мұғалімге артық жұмыс істегені үшін ақы төленбеген
23.07.2025 21:40
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде 147 мұғалім артық жұмыс істегенімен, оларға бұл үшін жалақы төленбеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған заңбұзушылықты прокуратура өкілдері анықтады. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің мереке, демалыс және түнгі уақытта жұмыс істегені белгілі болған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндері, сондай-ақ ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы кепілдендірілген, – деп атап өтті прокуратура өкілдері.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін, барлық 147 мұғалімге тиесілі сыйақы мен артық жұмыс ақылары төленді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

