Жаңалықтар

Тарас пен Қарлығаш

Табыл Құлыяс
19.09.2016 12:31 3149

Орск. Қазақтар “жаман қала” атаған оны. Дүрысы солай ма?.. “Патша өкіметі хауіпті адамдардың бәрін осында жер аударып, қарасын “батырып отырған”. Тарас осылай ойлады. Төрт әріп...

Шешуі жүмбақ. Бірақ ақын оны шешті. “Отдельный район ссылки каторжников”. Осы сөйлемнің басқы әріптерін қүрастырып “ОРСК” деп түйді ол. Не, - деді ол, - Ор өзеніне байланысты “Орск” атанған ба? Екеуі де шын- дыққа соғады, жаны бар. Шынтуайтқа келгенде, әңгіме Орскінің қалай аталуында ма екен?!

Сөйтті де Тарас қапас, тар бөлмеде іші удай ашып, ызаға булығып, адасқан қаздай шыдай алмай ойланып отырды. Қапелімде ашуын баса алмады. Өміріне нөр бер- ген, жанына медеу болып өл берген, өмірлік серігі өлең- жырдан келер күнге шашу шаша алмады. Үсті-үстіне өленді төгіп тастар еді. Көңілі тыншыр еді сонда. Жазуына ерік бермей жіпсіз байлап қойганы. Көкейіне қаншама көрікті ойлар қүйылып жатыр... Әсіресе қазақ даласына келгелі өз еркін билей алмай кетті. Қүрмангазымен бірге өткізген түнді есіне алады ол. Оның асқан талантына риза болғаны соншалық - “Сарыарқа” күйін қайта-қайта тыңдаган еді Тарас.

-   Өнер десе патшаның жыны бар, қүлагын тістеп ала ма екен, - деп қапалана айтқан Қүрманғазының сөзін есіне алды тагы...

-   Атар таң - ертеңнен қатты қорқады олар, - деп өзі Қүрмангазыны жүбатқаны бар еді. Екеуі үзақ сырласты. Бір көрпеде, бір жастықта, егіз қозыдай, бір ананың бала- сындай - бірі украин, бірі қазақ үзақ жатты. Дос қүшақ- тар қабысып жатып, үйықтап кетті. Сол күні есінен шы- гар емес Тарастың. Осынау көрген-білгеннің бөрін жүрегіне өлең етіп қүйып салайын деп бір сөт тебіреніп кетеді. Шабыты шалқып-ақ түр. Өттең, дүние жыр тасқынына патша тыңшылары ырық бермей отырганын қарашы. Жаны күйзеліп, тықырши беретіні сол.

Сонда да ақынның асқақ қиял, үшқыр арманы алға сүйрей жөнелді. Асаудай тулаған ой арпалысынан күшті не бар, сірө? Оган бөгеу болар, тосқауыл бар ма?

-   Қайда екен Қүрманғазы, өнер бүлбүлы. Күн туар, таң атар. Сонда сенің есімің таң шолпанындай түрар жар- қырап... Сенің елің менің де елім. Сені маган бауыр еткен өнерің, күйші Қүрманғазы, - деп Тарас оны жоқтап еді. Пай-пай, Қүрманғазының күйін тыңдаганда тынысы кеңіп, жаны жай тауып, рахаттанып қалып еді. Күй! Жаныңа жыр салып, көңіліңді баурайды. Енді бірде Жайықтың күміс толқынындай тербеледі. Өзіңді ақ қүстай сезінесің. Үшқың келеді, қомдгшасың... Қайран Қүрманғазы. Қазақтың кең даласындай, алып жүректі, күй сандығының атасы, мен енді сенімен тағы бір кездесе алам ба, жоқ па?!

-    Ия, асқан талант, - деді ол тағы іштей күбірлеп.

Ақынның осынау ойларын бір көрініс бөліп жіберді.

Оған кейін ақын өкінген жоқ. Қайта төбесі көкке жеткен- дей қуанды. Күтпеген шақта тосын сыр көңіл сарайының есігін айқара ашты. Табан астында терезенің үшкілдей сынығынан зып етіп бір қарлығаш бөлмеге енді. Таңғал- ды. “Қүрманғазы хат жазып жіберген ақылды қүс емес пе?” - деп ойлап қалды ол. Ақын жүлып алғандай “Лас- точка!” деп күңіреніп кетті.

Қарлығаш адамнан қашпады. Үйірсектеп, тар бөлмеде жанында үшып жүрді. Бара-бара бауыр басқандай болды. Тарас оған өзінің тамағын жібітемін деп сақтаған бір шөлмек суын үсынды.

-    Кел, қарлығашым, кел! Сенің қанатыңда даланың ауасы бар, күн сәулесі күлімдейді. Серік боп түр менімен...

Тарас қарлығашпен тілдесті. Енді ақынның қырық жамау жүрегіне жүбаныш болды. Күннің сәулесін, дала гүлінің жүпар иісін иіскеді ақын. Қарлығаштың жас қауыр- сын қанатынан сонау алыс, кір жуып, кіндік кескен жері - туған жері, өскен елін, Днепрдің көкке атылған бүйра толқынын, ақ көбігін іздеді. Ол Днепр жағасының бал қүрағын, жайсаң гүлін, жүпар ауасын сағынған еді... Сосын қараңғы қапаста тарыққан ақын қарлығаш қанатыңан хат қарады: оның көк жасыл қауырсынын сипап, соған сіңген күннің сәулесін қүшарлана жүтты. Осылай түрып Днепр аспанын елестетті. Сонда өткізген жас шағын елестетті.

Осы қарлығашты көрген бетте-ақ тас қүрсау, меңіреу тілсіз абақтының қабырғасы қақырап, быт-шыты шығып, соның ар жағында жарық дүние “мен мүндалап” шақырып түрғандай өсер алды Тарас. Пай-пай, еркіндік! Қиял қанаты шылбырын үстатқандай өзіне. Қайдасың, шапағаты мол күндер? Бақыт таңы ат? - деп дауыстады ақын... Дөл осы сөт ол қолындағы қарлығашқа мүңын шаққандай еді.

Өткенде бір қазақтан терезе алдында түрып:

-   Ау, бауырым, қанаты қарындастың қасындай қиыл- ған мынау сүлу қүсты қазақ тілінде не дейді? - деген.

-    Қарлығаш, - деп еді ол.

-   Қарлығаш!... Қарлығаш, - деп Тарас қазақ тілінде бірнеше қайталап жаттап алған. Содан бері “қарлығаш” деген сөзді аузынан тастамайды. Ақын күзетшілерге сездірмей терезенің сынған жерін кеңейтіңкіреп қойды. Онысы дала қүсын аңсап, шақырғаны, өзінше “осы жер- ден өтуге болады” деп көрсеткені еді. Міне, бүгін сарыла күткен - қарлығашы Тарасқа да жетті.

Қарлығаш Тарасқа үйрене бастады. Келе-келе ақын- ның жасырын жазып жүрген умашталған өлең дөптерінің жанына отыратынды шығарды. Жөне тарының түйіріндей көзін ақыннан айырмайды. Көзі қандай мойылдай мөп- мөлдір! Адамға үйірсектігін айтсайшы! Өттең, тілі жоқ!.. - Жә, - деді ақын серігіне, - өлі-ақ екеуміз тіл тауып “кетеміз”. Солай ма?- деді бала мінезді ақын. Осы кезде тар бөлмеге қазақтың күйші даласы көшіп келгендей еді.

-   Шіркін, өсем жырдың ырғағы, жақсы жырдың сазы секілді, - деп Тарас қапас бөлмесі кеңейіп кеткендей мөз болып қалды.

-   Қарлығаш, Украина даласы не күйде екен, оны білесің бе? Солай қарай сапар шегіп жүресің бе? - деп енді бір сөт Тарас қарлығаштың жон арқасын ет жүрегі елжірей қайта-қайта сипады. - Осы бір кезеңде тағы бір күтпеген жай болды. Терезенің тар саңылауынан тағы бір қарлы- ғаш түмсығын көрсетті. Түмсығында кесе-көлденең тістеген шөбі, саз балшығы бар.

-                 О-о, міне, міне, Украина топырағы, суы, шөбі! - деп

Тарас төбесі көкке жеткендей қуанып кетті.

Ендігі бір кезекте қос қарлығаш Тарас үйықтайіын бүрышқа үйшігін салып жатты. Ақын осы көрініске қызыға қарап қалды да, таңырқай күбірлеп жүрді.

- Шіркін, қарлығаш, неткен ақылды едің, мүнша неге адамға жақын болдың екен?..

Ақын сурет сала бастады. Осы көріністі ол қыл қалам- мен жеткізбекші болды... Баласын емізіп отырған қазақ өйелінің суретін салып, қол қойды. Кім білсін, ақын дәл осы сөт анасын аңсап кетті ме, әлде ақын жүрегінде ана тақырыбы баурады ма, әйтеуір осы көріністі ол баласын емізіп отырған анаға елестетті...

Біз жақында Украинаның үлы ақыны Тарас Григорье- вич Шевченко түтқындағы Орск қаласындағы ескі абақты- ны көріп, ел аузындағы осынау аңызды естідік. Ақын жа- нымен сырласқан қарлығаштарды іздедік. Түрме үйі мы- жырайып түр. Соның алдында зәулім биік түғырда Тарас Шевченконың ескерткіші. Оны сансыз қарлығаштар айна- лып өтеді. Аймалап өтеді. Жылда қасынан шықпайды.

Орскіліктер Тарасты таразыдай өділ еді, сондықтан ел оны Таразы деп атап кетіп еді дейді. Ақын туралы осы- нау лебіздерді естігенде тебіренбейтіндер кемде-кем. Қайда екен Тарастың қарлығашы...

Күй атасы - Қүрманғазымен өткен Тарастың бір кезеңін аңыз ететін бүл хикаяны жүртқа естірткенше асықтым.


Табыл Құлыяс

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға