Жаңалықтар

«Тар жолдарды» жою: Үкіметте автожолдар желісін дамыту талқыланды

«Тар жолдарды» жою: Үкіметте автожолдар желісін дамыту талқыланды
Фото: El.kz 23.02.2023 13:16 905

Республика аумағында жалпы ұзындығы 13 мың шақырымға жуық сегіз транзиттік автокөлік дәлізі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

⚡️Қазіргі уақытта «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (768 км), «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» (746 км), «Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (415 км) және «Алматы – Астана – Петропавл – РФ шекарасы» (31 км) трассаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

⚡️2030 жылға дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (1 363 км) және «Астана – Қостанай – РФ шекарасы» (830 км) дәліздері мен «Атырау – Орал – РФ шекарасы» (587 км) трассаларын І техникалық санатқа сәйкестендіріп жаңарту жоспарланып отыр.

Премьер-Министр бұл жұмысты көршілес елдердің уәкілетті мемлекеттік органдарымен үйлестіре отырып, Ресей мен Қытайға қарай логистикалық бағыттарды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысының айтуынша, аталған тәсіл мемлекеттер арасындағы автожолдардың түйіскен жеріндегі «тар жолдарды» тезірек жоюға және соның арқасында жүк айналымын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға