Жаңалықтар

Танысын өлтіріп, денесін көлге батырып жіберген павлодарлық 18 жылға сотталды

Танысын өлтіріп, денесін көлге батырып жіберген павлодарлық 18 жылға сотталды
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев 11.07.2024 23:10 860

Павлодарда екі азаматтың арасындағы жанжал соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Жергілікті тұрғын танысын өлтіріп, денесін көлге батырып жіберген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот залында Б-ға қатысты К.-ны өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Соттың анықтауы бойынша 2009 жылдың 6 шілдесінде масаң күйде болған Б., жанжал салдарынан К.-ны тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін көлге батырып жіберген, – делінген сот мәліметінде.

Сотталушының кінәсі өзінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Қылмыскер бұрын сотталған және жазасын түрмеде өтеген. Осыны ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға