Жаңалықтар

Таныстарын жұмысқа заңсыз кіргізген «ӨзенМұнайГаз» басшыларының бірі ұсталды

Таныстарын жұмысқа заңсыз кіргізген «ӨзенМұнайГаз» басшыларының бірі ұсталды
02.06.2023 17:20 842

Лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланды деген күдікпен «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзған. Яғни сол арқылы өзінің бірқатар танысын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-ға заңсыз кіргізген.

Ал олар жұмыссыздар қатарында болмаған, одан қалды тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтін болып шықты.

Б.Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан. Тергеумен Б. Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілері тексерілуде, - делінген мәліметте.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға