«Таныс болған». Ақтөбеде адамдарды кепілге алған күдікті туралы тың дерек шықты
Ақтөбеде адамдар кепілге алынған оқиғаға қатысты тың деректі айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның сөзінше әйел күдіктімен таныс болған.
Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда күдіктімен бұрын таныс болған бір әйел кепілге алынғаны белгілі болды. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң шабуыл жасау туралы шешім қабылданды, - деп жазылған хабарламада.
Күдікті ұсталып, кепілге алынған қыз босатылды. Оқиға орнын тексеру барысында жертөледен көптеген пышақ жарақаты бар қыздың қарт ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.