Жаңалықтар

Танымды демалыс өткізуге арналған бағдарлама

Танымды демалыс өткізуге арналған бағдарлама
Фото: El.kz 03.03.2023 18:10 1412

Көктем алғашқы күнінен-ақ жылы ауа-райымен қуантуда. Мерекеге толы наурыз айында Астана қаласының мәдени орталықтарында танымды уақыт өткізуге болатын іс-шаралардың тізімін ұсынамыз.  

Театр – сананы сілкіндіретін үлгі мен тәрбие мекені. Рухани кештерден адам шабыт алып, өмірге деген көзқарасы өзгере бастайды. Сондықтан рухани құндылық арттырып демалғыңыз келсе «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры көрермендеріне арнайы мерекелік шараларын дайындаған.

«Көктем – жаңару сәті, махаббат мезгілі. «Астана Опера» театры  жетінші наурыз күні «Көктем ару» мерекелік концерті өткізеді. Опера солистер, хор әртістер мен оркестр ару қыз-келіншектерге әлемдік опера классикасының ең жарқын, құштарлыққа толы, лирикалық, жан толғандырар арияларын, сонымен қатар қазақ, орыс, неополитандық әндер мен романстарды сыйға тартады.Бұл таңғажайып музыкалық шоу – көктем мерекесіне орай нәзік жандыларға керемет тарту болары анық», - дейді Екатерина Романова.

Сонымен қатар биыл аты аңызға айналған қазақ композиторы, домбыра мектебінің негізін қалаушы, авторлық орындаушылық мәнерді қалыптастырушы, қазақ халық музыка мәдениетінің дамуына зор ықпал еткен Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуда. Мерейтойға орай «Құрманғазы – рухты саздың сардары» концерті белгілі күйшілер мен жас аспапшылардың қатысуымен өтеді.

Танымды демалыс өткізуге арналған бағдарлама

- "Жас көрерменнің музыкалық театры" сахнасында "Шәмші"мюзиклі өтеді. "Шәмші" мюзиклі белгілі қазақ композиторының бүкіл өмірі мен шығармашылығын бейнелейді, сахнада күрес жылдарын, сондай-ақ осындай танымал тұлға өмірінің махаббат және композиторлық аспектілерін көрсетеді. Композитор өзінің өмір жолындағы барлық қиындықтарды қалай кездестірді, адамға және қоғамға қандай философиямен қарады, ішкі әлемнің тәжірибесін қалай бағындырды, осының бәріннен тыңдаушының жүрегінде ойналатын және жауап беретін әуезді әндер жазылған.

- 5 наурызда Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында "Folk Show Orchestra"концерті өтеді.

"Folk Show Orchestra" сіздердің назарларыңызға әлемдік кинокартиналардың саундтректерін, шетелдік танымал музыканы, рок, күйлерді және т.б. қамтитын үлкен шоу бағдарламасын ұсынады.

Танымды демалыс өткізуге арналған бағдарлама

- 4-5 наурыз күндері елорда тұрғындарына тегін көрмелер өтеді. Ұйымдастырушылар қонақтар үшін шеберлік сыныптары мен дәрістер өткізіледі.

Forte Kulanshi Art Space-те "КІМ БОЛАСЫЗ? = HOW FAR?"онда атақты суретшілер Мозес Зибор мен Жанат Қаратаеваның жұмыстары қойылады.

- ҚР Ұлттық музейінде Сержан Баширов, Дүйсен Сейдуалиев, Даркенбай Шоқпаров және Арыстанбек Хасенов сынды заманауи қазақстандық қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылатын "Текті өнердің шеңгері" / "circle of the noble art" көрмесі өтеді.

TSE Art Destination-да "Seniminmen" қайырымдылық қоры ұйымдастырған Заманауи қазақстандық суретшілердің қатерлі ісік ауруларын еңсеру тарихы туралы суреттеген көрмесі өтеді. Көрмеге келушілер жаман ауруды жеңген кейіпкерлермен бірге жүргендей сезім қалдырады.

Көрмеде Бақыт Бубиканова,  Асхат Ахмедиров, Аружан Жұмабек, Мөлдір Сағындықова, Олег Зуева, Оксана Акулова жұмыстары ұсынылады.

Танымды демалыс өткізуге арналған бағдарлама

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға