Танымал журналист Рабат Жәнібеков дүниеден озды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
05.03.2024 09:11
Фото:
t.me/qazaqstantv
Журналист, спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 1968-2003 жылдар аралығында қазақ телевизиясында редактор және спорт комментаторы қызметтерін атқарды.
Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы болды.

