Жаңалықтар

"Танымал жазушының немересі". Әнші Мадина Сәдуқасоваға жұбайы қалай ұсыныс жасаған

"Танымал жазушының немересі". Әнші Мадина Сәдуқасоваға жұбайы қалай ұсыныс жасаған
Фото: instagram.com/madinasadvakasova 01.02.2024 18:30 29309

2014 жылы 2 ақпан күні қазақ эстрадасының жарық жұлдызы 34 жастағы Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шықты. Салтанатты түрде неке қию дәстүрі Алматының орталық АХАЖ бөлімінде өтткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Хабар" агенттігінің режиссері Олжас Смағұлов өнер иесіне үйленуге ұсынысты әншінің туған күнінде жасаған екен. Ол оны мейрамханаға шақырып, гүл, iPhone және ішінде гауһар тасты жүзік салынған торт сыйлаған. Әнші сүйіктісінің ұсынысын қабыл алып, күйеу жігіттің туған күнінде, яғни 2 ақпан күні үйлену тойын атап өтуді жөн көріпті. 

Олжас Смағұлов, белгілі болғандай, Қазақстанның танымал жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың немересі. Қазірде отандық арналардың бірінде режиссер болып қызмет атқарады. Ол әншіден 6 жасқа кіші. 

10 жыл бұрын үйлену тойы Алматының бір мейрамханасында өтті. Мәдина Сәдуақасова неке қию дәстүріне бір көйлек, ал той кешіне екінші көйлек киген. Оның біреуін құрбысы әрі дизайнері арнайы тіккен. Ал, екіншісін әнші дайын күйінде сатып алған. Тойға 300-ге жуық қонақ шақырылған.

Бүгінде Мадина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов екеуі бір ұл тәрбиелеп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға