Жаңалықтар

Танымал футболшының басы дауға қалды

Танымал футболшының басы дауға қалды
Фото: instagram.com/ronaldinho 27.08.2023 01:18 1025

Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо тағы да Бразилияның құқық қорғау органдарының назарына ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ole мәліметінше, «Барселонаның» бұрынғы жұлдызы аптаның басында криптовалютамен айналысатын компанияға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот алдында жауап беруі керек. Роналдиньо криптовалюталарды сатумен айналысатын және күнделікті 2% пайда уәде еткен компанияның серіктесі ретінде айыпталды. Алайда компания шоттарды жауып тастап, инвесторларға ақша төлемей қойған. Компания 18kronaldinho деп аталады.

Бастапқыда фирма зергерлік бұйымдар мен сағаттарға қатысты бизнеске маманданған екен. Бірақ прокурорлардың пікірінше, ол бұл бизнестен кетіп, қаржы пирамидасына айналған.

Роналдиньоның адвокаты футболшы оның имиджі мен атын заңсыз, тиісті рұқсатсыз пайдаланған компанияның құрбаны болды деп мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға