Танымал эколог: Жер сілкінісінен аман қалудың екі жолы бар
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
15.02.2024 14:28
15472
Эколог Мэлс Елеусізов Алматы халқын жиі әбігерге салатын жер сілкінісінен сақтанудың екі тәсілін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Stan.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген эколог жер сілкінісінен сақтанудың екі амалы бар деп есептейді.
Біріншісі – қайтадан ауылға бару керек, биік үйлерден шығу керек. Қазір көктем келе жатыр, ауылға барып, кішкене үйреніп, бау-бақша салып дегендей... Біздің қазақтар қой бағу, жылқы бағудан басқа ештеңе істеген жоқ қой. Өзге кәсіпті басқа мемлекеттің адамдары жасады. Соны үйрену керек, көптеген дұрыс заттар бар. Мысалы, Кеңес үкіметі кезінде 82 % етті сол ауылдың тұрғындары берген. Ол кезде үлкен мал, құс фермалары болатын. Қазіргі жағдайда жер сілкінісінен ауыл ғана сақтайды. Балаларды ойлау керек. Көбісінің балалары кішкентай. Оларсыз өмір жоқ, болашақ та жоқ, – дейді Мэлс Елеусізов.
Жойқын зілзаладан сақтану үшін белгілі эколог ұсынған екінші нұсқа да бар. Оның айтуынша, бұл бастаманы жүзеге асыру жолында Үкімет тарапынан зор қолдау қажет.
Екіншісін біз қанша рет айттық, кезінде президент Назарбаевқа да айттық. Ол "Модуль" деп аталады. Оның сырты шкаф сияқты, бірақ өте мықты. Жерді бұрғылайтын мықты құбырлардан жасалады және сигналдық құрылғы орнатылған. Сейсмо толқын болардан 10 секунд бұрын шырылдайды. Сол 10 секундта тұра салып, ішіне кіріп кету керек. Ішінде тамағы да бар, 5-6 күнге суы да бар, киімі, құжаттары, керекті заттың бәрі сол модульдің ішінде болуы керек. Үкіметке қанша айттым, ешкім тыңдамайды. Біз әлі тойға кредит алып жүрміз. Ал мына модуль мәселесі жан сақтау, балаларды сақтаудың қамы. Мемлекеттік деңгейде халыққа көмектессе, модульді халық өзі істейді. Біріншіден, кредит алған кезде пайызсыз болу керек. Екіншіден, темірдің бағасын арзандату керек, темірді өзіміздің комбинатта шығаруға мүмкіндік бар. Алматыда қаламын дегендер сол модульді жасау керек. Байлар өздеріне жасап жатыр, ал кедейге көмектеспесек, бәрін қырып аламыз. Басқа жол жоқ, – дейді эколог.
Айта кетейік, 15 ақпанда сағат 09:52-де Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жарыс кезінде 17 жастағы теннисші қыз қайтыс болды