Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
22.12.2024 17:50
Фото:
©Pixabay.com
Mr Beast деген атпен танымал блогер Джейми Дональдсон видео түсіру үшін Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Mr Beast мың сағат ішінде үш пирамиданы зерттегенін видеоға түсірмек. Ол экипажбен бірге Египеттің ежелгі құрылымдарының ішінде ұйықтап, олардан құпия дәліздерді іздейді.
Мен мұндай нысандарға әлі барып көрген жоқпын және алдағы экспедицияға өте қуаныштымын. Сондай-ақ біз елестер мекендейтін жерлерді қарастырамыз, өз басым елестерге сенбеймін, бірақ менің достарым оларды ауламақ, - деді Джейми Дональдсон.
Сондай-ақ блогер түсірілім Египет үкіметімен бірлесіп жүргізілетінін айтты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

