Жаңалықтар

Танымал блогер Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкиннен кешірім сұрады

Танымал блогер Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкиннен кешірім сұрады
Фото: instagram.com /nurtasadambay 18.07.2024 15:19 3115

42 жастағы қазақстандық блогер, актер Нұртас Адамбай аяқ астынан спортшылар мен танымал тұлғалардан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17 шілде күні Адамбай Instagram-дағы Stories бөлімінде былай деп жазба қалдырды: «Тілі мен қолынан ешкім зардап шекпеген адам ғана шынайы мұсылман».

Сонан соң ол отандық әнші Димаш Құдайберген мен Ұлттық олимпиада комитеті Геннадий Головкиннен кешірім сұрады. Актер екеуінен де ұқсас мәтіндер жазу арқылы кешірім сұраған.

Ақымақтығым себеп бір кездері әлеуметтік желілерде ешкімнің сұрауынсыз-ақ кеңес айтқаным үшін Димаш Құдайберген мен оның әкесінен кешірім сұраймын. Маған қатысты ұстамдылық танытқаны үшін алғысымды білдіремін, - деді ол.

Дәл осылай сабырлылық танытқан боксшы Геннадий Головкинге де алғысын жеткізді.

Бұдан бөлек әртіс әлемдік саясаткерлерден кешірім сұраған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға