Жаңалықтар

Танымал бизнес-коуч Балиде өлі табылды

Танымал бизнес-коуч Балиде өлі табылды
Фото: әлеуметтік желісінен 02.05.2025 17:07 829

Индонезиядағы Бали аралында орналасқан қонақүйден ресейлік танымал бизнес-коуч Артём А. өлі күйінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

SHOT Telegram-арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, марқұм бірнеше күн бұрын Бали аралына келіп, Солтүстік Кута ауданындағы туристер жиі тоқтайтын қонақүйге орналасқан. Қонақүй қызметкерлері оның ұзақ уақыт бойы бөлмеден шықпағанына және есік қағуына жауап бермегеніне алаңдаған.

Осыдан кейін қызметкерлердің бірі терезеден қарап, бөлмеде ер адамның қозғалмай жатқан денесін байқаған. Полиция оқиға орнына дереу келіп, есікті бұзып кіргенде адам шошырлық көрініске тап болған.

Марқұмның басына пакет кигізілген, ал мойнына белдік қатты тартылған. Денесінде көптеген жарақаттар мен көгерулер анықталған, мұрын мен ауыздан қан кеткен.

Қазіргі уақытта Бали полициясы істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға