Танымал басылым тілшісі жасанды интеллектті пайдаланамын деп масқара болды
24.05.2025 08:28
Фото:
©Pixabay.com
АҚШ-тағы беделді басылымдардың бірі Chicago Sun-Times газеті жасанды интеллектті дұрыс пайдаланбаған қызметкерінің кесірінен масқара болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CBS NEWS ақпаратына сәйкес, редакция жаз мезгіліне арналған үздік кітаптар тізімін жариялаған. Алайда ұсынылған 15 кітаптың 10-ы ЖИ ойлап тапқан туындылар болып шықты.
Тізімді жасаған автор чат-ботты қолданғанын және мәліметтерді тексеруді ұмытқанын мойындады.
Сірә, біреу фактчекинг сабағын өткізіп алған сияқты, – деп әзілдеді желі қолданушылары.
Әлеуметтік желілерде наразы пікірлер көбейіп, бұл жайт дауға ұласты. Өйткені оқырмандар бұл секілді тізім үшін ақы төлейді, ал дәл осындай тізімді ChatGPT-де тегін жасауға болады.

Фото: chicago.suntimes
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

