Танымал әнші жас тыңдарманының арманын орындау үшін оның үйіне барды
Павлодар облысының Назар есімде 13 жасар тұрғыны қазақстандық әнші The Limba-ның концертіне бара алмайтыны үшін көз жасына ерік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұны естіген әртіс жанкүйерінің үйіне өзі келді.
Ал бұл кездесудің өтуіне жас тыңдарманның әпкесі Жанна көмектескен. Жанна видеоны әлеуметтік желіде жариялап, The Limba-ның аккаунтын белгілеген.
Оқи отырыңыз:
- TikTok-та қалай танымал болуға болады?
- Лара Фабианның концертіне билет алғандар 5 млн теңгеге алданып қалды
Поп-орындаушы бұл оқиғаға назар аударып, хабарламаға жауап беріп қана қоймай, жасөспірімді концертіне өзі келіп алып кеткен.
Алғысым шексіз. Назардан: «Ол көріп, арнайы келсе ше?» деп сұрадым. Сөйтсем інім: «Ол мүмкін емес, мен сияқты мыңдаған адам бар ғой» деп жауап берді. Мүмкін екен. Мыңдаған баланың ішінен біреуіне осындай сезім сыйлап, армандау керек екендігін түсіндіргеніңіз үшін миллиард алғыс, - деп жазды Жанна.
Ал әртістің жоспарының орындалуына оның досы – «Грэмми» иесі Иманбек Зейкенов көмектескен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram