Жаңалықтар

Танымал актриса Әсел Сағатова жасы кіші жігіттерге ескерту жасады

Танымал актриса Әсел Сағатова жасы кіші жігіттерге ескерту жасады
Фото: instagram.com/asselsagatova 25.08.2023 09:49 3429

Танымал актриса Әсел Сағатова өзіне жасы кіші жігіттердің көп жазатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Блогер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында Әсел Сағатова жасы кіші жігіттердің сезімін білдіретінін айтты.

Жас жігіттер көп жазады. "Сенің Райымың" болғым келеді, - деп жазады деді актриса.

@alibekovkz Крашиха😍😂 #asselsagatova #alibekov ♬ оригинальный звук - Beibit Alibekov

Өнер иесі бұған дейін де өзінің тұрмыста екенін айтып көп жігіттің үмітін үзді. Instagram парақшасында сезімін білдіріп жүрген жасы кіші жігіттерден өзін мазаламауын сұрады.

Барлық “Райымдарға” ескерту: тұрмысқа шыққаныма 13 жыл болды. Жекеме жазудың еш мәнін көріп тұрғаным жоқ, – деп жазды актриса.

Бұл жазбасымен 12 жыл жас айырмашылығы бар Ерке Есмахан мен Райым Бақтыгереевті меңзеді.

Айта кетейік, актрисаның 2010 жылы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі және экс-министр Камалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы Радий Мұхамеджановпен отбасын құрғанын бірі білсе, бірі білмейді. Бүгінде ерлі-зайыпты Алдияр және Айрис есімді екі перзент тәрбиелеп отыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға