Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
2025 жылдың тамыз айында қазақстандықтарды бірнеше мереке мен демалыс күтіп тұр. Соның ішінде ең маңыздысы – 30 тамыз, Қазақстан Конституциясы күні, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл күн сенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні дүйсенбіге – 1 қыркүйекке ауыстырылады. Яғни, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
Кімдер қалай демалады?
-
5 күн жұмыс істейтіндер:
30 тамыз (сенбі), 31 тамыз (жексенбі), 1 қыркүйек (дүйсенбі) – демалыс -
6 күн жұмыс істейтіндер:
30 және 31 тамыз – демалыс, 1 қыркүйек – жұмыс күні
Тамыздағы басқа да кәсіби мерекелер
Тамыз айында бірқатар кәсіби мерекелер де аталып өтеді. Бұл күндер ресми түрде жұмыс күні саналса да, тиісті сала мамандарына құрмет көрсетіледі.
-
3 тамыз – Көлік қызметкерлері күні
-
3 тамыз – Теміржолшылар күні
-
10 тамыз – Абай күні
-
10 тамыз – Құрылысшылар күні
-
18 тамыз – Шекарашылар күні және Спорт күні
-
29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні
-
31 тамыз – Кеншілер күні

